HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Жалпы ақаулықтарды түзету
Егер өнімнен дұрыс жауап келмесе, келесі тексеру тізімдегі қадамдарды орындаңыз. Егер өнім сол
қадамнан өтпесе, келесі ақаулықтарды түзету ұсыныстарын орындаңыз. Егер орындаған қадам ақаулықты
түзетсе, сіз тексеру тізімдегі қалған қадамдарды орындамай тоқтануыңызға болады.
Ақаулықтарды түзетуге арналған тексеру тізімі
1. Өнімнің Дайын шамы жанып тұрғанын тексеріңіз. Егер ешқандай шам жанып тұрмаса, келесі
қадамдарды орындаңыз:
а. Электр қорек кабелінің қосылған жерлерін тексеріңіз.
ә. Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз.
б. Желілік кернеу өнімнің қуат конфигурациясына дұрыс екенін тексеріңіз. (Кернеу талаптары
жөнінде өнімнің артқы жағындағы белгіден қараңыз.) Егер сіз қуат қалыбын қолданып, оның
кернеу талаптары ерекшеліктерге сай болмаса, өнімді тікелей қорек розеткасына қосыңыз. Егер
ол қорек розеткасына қосылып тұрған болса, басқа розеткаға қосып көріңіз.
в. Егер осы әрекеттердің бірде біреуі көмектеспесе, HP Пайдаланушыға қолдау көрсету
қызметімен байланысыңыз.
2. Кабельді тексеріңіз.
а. Өнім мен компьютердің немесе желілік порттың арасындағы кабельдің қосылған жерлерін
тексеріңіз. Қосылған жерлері мықты екенін тексеріңіз.
ә. Мүмкін болса, кабельдің өзі сау екенін басқа кабельді қолдану арқылы тексеріңіз.
б. Желілік байланысты тексеріңіз. Желілік ақаулықтарды түзету (188-бет) қараңыз.
3. Басқару панелінің дисплейінде басқа хабарлардың бар-жоғын қараңыз. Егер қате туралы хабар
шықса, Басқару панеліндегі хабарларды аудару (145-бет) қараңыз.
4. Сіз қолданып отырған қағазыңыз ерекшеліктерге сай келетінін тексеріңіз.
5. Конфигурация бетін басып шығарыңыз. Ақпарат пен қалай орындауды көрсететін беттерді басып
шығару (106-бет) қараңыз. Егер өнім желіге қосылған болса, HP Jetdirect беті де басылып шығады.
а. Егер бет басылып шықпаса, кемінде бір науада қағаздың бар екенін тексеріңіз.
ә. Егер қағаз кептеліп қалса, Кептелуді тазалау (161-бет) қараңыз.
6. Егер конфигурация беті басылып шықса, келесіні тексеріңіз.
а. Егер бет дұрыс басылып шықпаса, онда ақаулық өнімнің аппараттық құрылғысында болуы
керек. HP Пайдаланушыға қолдау көрсету қызметімен байланысыңыз.
ә. Егер бет дұрыс басылып шықса, онда өнімнің ақпараттық құрылғысы жұмыс істеп тұрғаны.
Проблема пайдаланып отырған компьютеріңізде, принтер драйверінде немесе бағдарламалық
жасақта.
7. Келесінің бірін таңдаңыз:
Windows: Startастау) мәзіріндегі Settings (Параметрлер) тармағын нұқып, одан кейін Printers
(Принтерлер) немесе Printers and Faxes (Принтерлер мен Факстар) тармағын таңдаңыз. Өнімнің атын
қос нұқыңыз.
142 10-тарау Мәселелерді шешу KKWW