HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
1. Start (Бастау) мәзірінен Run (Іске қосу) батырмасын басыңыз. Содан соң, cmd пәрменін теріп, пәрмен
терезесін ашыңыз.
2. Келесілерді теріңіз: copy /B <FILENAME> \\<COMPUTERNAME>\<SHARENAME>, мұндағы
<FILENAME> – .RFU файлының аты (жолын қоса алғанда), <COMPUTERNAME> – өнімді бөлісіп отырған
компьютердің аты және <SHARENAME> – өнімді бөлісу аты. Мысалы: C:\>copy /b C:
\ljp3015.rfu \\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER
.
ЕСКЕРТПЕ: Егер файл атында немесе жолда бос орын болса, файл атын немесе жолды тырнақшаға
алуыңыз керек. Мысалы, мынаны теріңіз: C:\>copy /b "C:\MY DOCUMENTS\ljp3015.rfu"
\\YOUR_SERVER\YOUR_COMPUTER.
3. Пернетақтада Enter (Енгізу) батырмасын басыңыз. Басқару тақтасы енгізілген бағдарламалық
құралдың жаңарту барысын көрсететін хабарды шығарады. Жаңарту процессінің соңында басқару
тақтасы Дайын хабарын көрсетеді. Компьютеріңіздің дисплейінде One File Copied (Бір файл көшірілді)
хабары көрсетіледі.
HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын жаңарту
Өнімдегі HP Jetdirect желілік интерфейсінде өнімнің микробағдарламалық жасақтамасынан бөлек
жаңартылатын микробағдарламалық жасақтама бар. Бұл процедураға компьютеріңізде HP Web Jetadmin
жасақтамасының 7 немесе одан жаңалау нұсқасы орнатылған болуы керек. HP Web Jetadmin
бағдарламалық құралын пайдалану (114-бет) сілтемесін қараңыз. Келесі қадамдарды орындап, HP Web
Jetadmin арқылы HP Jetdirect микробағдарламалық жасақтамасын жаңартыңыз.
1. HP Web Jetadmin жасақтамасын ашыңыз.
2. Ашылмалы тізімдегі Құрылғыны басқару папкасын Шарлау тақтасынан ашыңыз. Құрылғы тізімдері
папкасын шарлаңыз.
3. Сіз жаңартқыңыз келетін өнімді таңдаңыз.
4. Құрылғы құралдары ашылмалы тізімдегі Jetdirect енгізілген бағдарламалық құралын жаңарту
опциясын таңдаңыз.
5. Jetdirect енгізілген бағдарламалық құрал нұсқасы тақырыбының астынан HP Jetdirect модель нөмірі
мен ағымдағы енгізілген бағдарламалық құрал нұсқасы беріледі. Келесілерді ескеріңіз.
6. http://www.hp.com/go/wja_rmware торабына өтіңіз.
7. HP Jetdirect моделінің нөмірлер тізімінен жазып алған модельдің нөмірін тауып алыңыз.
8. Үлгінің ағымдағы бағдарламасының нұсқасын қарап, оның сіз жазған нұсқадан кейінгі нұсқасы екенін
тексеріңіз. Кейінгі нұсқасы болса, бағдарлама сілтемесінің үстінен тінтуірдің оң жағын басып, жаңа
бағдарлама файлын жүктеп алу үшін веб-парақтағы нұсқауларды орындаңыз. Файлды HP Web
Jetadmin бағдарламалық құралын іске қосатын компьютердегі <drive>:\PROGRAM FILES\HP WEB
JETADMIN\DOC\PLUGINS\HPWJA\FIRMWARE\JETDIRECT қалтасына сақтау қажет.
9. HP Web Jetadmin жасақтамасында негізгі өнім тізіміне оралып, сандық жіберушіні қайтадан таңдаңыз.
10. Құрылғы құралдары ашылмалы тізімдегі Jetdirect енгізілген бағдарламалық құралын жаңарту
опциясын қайтадан таңдаңыз.
11. HP Jetdirect енгізілген бағдарламалық құрал бетінде жаңа енгізілген бағдарламалық құрал нұсқасы
Jetdirect енгізілген бағдарламалық құралы HP Web Jetadmin бағдарламалық құралында қол жетімді
тақырыбының астынан беріледі. Jetdirect енгізілген бағдарламалық құралын жаңарту үшін Енгізілген
бағдарламалық құралды қазір жаңарту батырмасын басыңыз.
KKWW Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту 139