HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
ЕСКЕРТПЕ: Бұл әдісті пайдалану үшін өнімді компьютеріңізге USB кабелі арқылы тікелей жалғап, осы
өнімге арналған принтер драйверін компьютеріңізге орнатыңыз.
1. Конфигурациялау бетін басып шығарып, TCP/IP мекенжайын жазып алыңыз.
2. Компьютеріңзден .EXE файлын тауып, файлды ашу үшін екі рет басыңыз.
3. Select Printer to Update (Принтерді жаңартуға таңдау) ашылмалы тізімінен осы өнімді таңдаңыз.
Жаңарту үрдісін бастау үшін Startастау) батырмасын басыңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнімді өшірмеңіз немесе осы үрдіс кезінде баспа тапсырмасын жіберіп жүрмеңіз.
4. Үрдіс аяқталғанда күлімдеген бет белгішесі диалог терезесіне шығады. Exit (Шығу) түймесін басыңыз.
5. Өнімді өшіріп, қайта қосыңыз.
6. Басқа конфигурациялау бетін басып шығарып, тізімдегі жаңа енгізілген бағдарламалық құралдың
мерзімдік кодын тексеріңіз.
FTP протоколын пайдаланып, микробағдарламалық жасақтаманы брайзер арқылы жүктеңіз.
1. Қолданып отырған Интернет браузеріңіз FTP тораптарындағы файл папкаларын қарауға
бапталғандығын тексеріңіз. Бұл нұсқаулар Microsoft Internet Explorer бағдарламасына арналған.
а. Браузерді ашып, Tools (Құралдар) мәзірінен Internet Options (Интернет параметрлері) тармағын
таңдаңыз.
ә. Advancedеңейтілген) жиекбілгесін шертіңіз.
б. Enable folder view for FTP sites (FTP тораптарындағы файл папкаларын көруді қосу) атаулы
құсбелгі көзін белгілеңіз.
в. OK батырмасын басыңыз.
2. Конфигурациялау бетін басып шығарып, TCP/IP мекенжайын жазып алыңыз.
3. Браузер терезесін ашыңыз.
4. Веб-шолғыштың мекенжай жолында ftp://<ADDRESS> мекенжайын теріңіз, бұндағы <ADDRESS>
– өнім мекенжайы. Мысалы, егер TCP/IP мекенжайы 192.168.0.90 болса, ftp://192.168.0.90
деп теріңіз.
5. Өнімге арналған .RFU файлын табыңыз.
6. Шолушы терезесінде .RFU файлын PORT белгішесіне апарып тастаңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім өшіріледі, содан соң жаңарту үрдісін іске қосу үшін автоматты түрде қосылады. Жаңарту
процессі аяқталған соң өнімнің басқару тақтасында Дайын хабары көрсетіледі.
FTP протоколын пайдаланып, микробағдарламалық жасақтаманы желілік байланысы арқылы
жаңарту
1. HP Jetdirect бетіндегі IP адресті қарап алыңыз. Конфигурация бетін басып шығару кезінде HP Jetdirect
беті екінші болып басылып шығады.
KKWW Микробағдарламалық жасақтаманы жаңарту 137