HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Өнімді тазалау
Басып шығару кезінде принтердің ішінде қағаз, тонер және шаң жиналып қалуы мүмкін. Уақыт өткен
сайын бұл жиналған қоқыс баспаның сапасына әсер етеді, мысалы, тонер дақ түсуруі немесе жағылуы
мүмкін (Басып шығару сапасының мәселелерін шешу (180-бет) қараңыз).
Сыртын тазалаңыз
Құрылғының сыртындағы шаңды, дақтарды, жағылғандарды сүртіп тастау үшін жұмсақ және мамық
шүберекті пайдаланыңыз.
Қағаз жолын тазалау
Тазалағыш бетті жасау және пайдалану
1. Мәзір батырмасын басыңыз.
2. ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мәзірін бөлектеу үшін / жоғары көрсеткісін не төмен көрсеткісін
басыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. БАСЫП ШЫҒАРУ САПАСЫ мәзірін бөлектеу үшін / жоғары көрсеткісін не төмен көрсеткісін басыңыз,
содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Егер өнімде екі жағына автоматты басып шығару болмаса, ТАЗАЛАУ БЕТІН ЖАСАУ опциясын бөлектеу
үшін / жоғары көрсеткісін не төмен көрсеткісін басыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
Егер өнімде екі жағына автоматты басып шығару болса, 5-қадамға өтіңіз.
5. ТАЗАЛАУ БЕТІН ӨҢДЕУ опциясын бөлектеу үшін / жоғары не төмен көрсеткісін басыңыз, содан
кейін OK түймесін басыңыз. Тазалау бірнеше минут алады.
6. Басып шығарылған бетті тастай салыңыз. Тапсырма аяқталды.
KKWW Өнімді тазалау 135