HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
9. Интерфейс кабельдері мен электр бауын қайта жалғаңыз.
10. Өнімді қайта қосыңыз.
DIMM модулінің орнатылуын тексеріңіз
DIMM модулін орнатып болған соң, оның дұрыс орнатылғанын тексеріңіз.
1. Өнімді қосыңыз. Өнім іске қосу процессін орындаған соң, Дайын шамы қосылып тұрғанын тексеріңіз.
Егер қателік туралы хабар шықса, DIMM модулі дұрыс орнатылмаған болуы мүмкін. Басқару
панеліндегі хабарларды аудару (145-бет) қараңыз.
2. Конфигурация бетін басып шығарыңыз (Ақпарат пен қалай орындауды көрсететін беттерді басып
шығару (106-бет) қараңыз).
3. Конфигурация бетіндегі жад бөлімін тексеріп, жадты орнату алдында басылып шыққан
конфигурация бетімен салыстырыңыз. Егер жадтың көлемі көбеймеген болса, DIMM модулі дұрыс
орнатылмаған немесе ақауы бар болуы мүмкін. Орнату процедурасын қайталаңыз. Қажет болса,
басқа DIMM модулін орнатыңыз.
ЕСКЕРТПЕ: Егер өнімнің тілін (ерекшелік) орнатқан болсаңыз, конфигурация бетіндегі «Орнатылған
Ерекшеліктер мен Опциялар» бөлімін тексеріңіз. Бұл жерде жаңа өнімнің тілдері тізімделуі керек.
Қорларды сақтау (тұрақты қорлар)
Өнімге көшірген утилиталарыңыздың немесе тапсырмаларыңыздың құрамында кейбір кезде қорлар
болады (мысалы: қаріптер, макростар немесе әшекейлер). Тұрақты ретінде іштей белгіленген қорлар
өнімнің жадында, сіз өнімді өшіргеніңізге дейін, сақталып тұрады.
Егер қорларды тұрақты ретінде белгілеуге бетті түсіндіру тілін (PDL) қолдансаңыз, келесі нұсқауларды
орындаңыз. Техникалық егжей-тегжейлерін алу үшін PCL немесе PS арналған тиісті PDL нұсқауын қараңыз.
Ресурстардың, өнім өшірілмейінше жадта сақталып тұрғаны аса қажет болмаса, оларды тұрақты
ретінде белгілемеңіз.
Тұрақты қорларды өнімге тапсырманы басып шығару кезінде емес, оның басында жіберіңіз.
128 9-тарау Өнімді басқару және оған техникалық қызмет көрсету KKWW