HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Жабдықтарды басқару
Жақсы баспа нәтижелеріне шығару үшін шынайы HP баспа картриджін пайдаланыңыз.
Басып шығару картриджін сақтау
Сіз басып шығару картриджін пайдалануға дайын болғанша оны орауышынан шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Басып шығару картриджінің зақымдалуын болдырмау үшін, оның жарық жерде қалу ұзақтығы
бірнеше минуттан аспауы тиіс.
HP -емес баспа картридждеріне қатысты HP саясаты
HP компаниясы жаңа немесе қалпына келтірілген HP шығармаған баспа картридждерін пайдалануды
ұсынбайды.
ЕСКЕРТПЕ: HP -емес баспа картридждерін пайдалану салдарынан келтірілген ешбір зақымдану
HP кепілдік және қызмет көрсету жөніндегі келісімдермен қамтылмайды.
Жаңа HP баспа картриджін орнату үшін Баспа картриджін ауыстыру (120-бет) қараңыз. Пайдаланылған
картриджді қайта жаратуға тапсыру үшін жаңа картриджбен бірге жеткізілетін нұсқаулықты орындаңыз.
Қайта пайдалану толық ақпарат алу үшін Қайтару және қайта пайдалану туралы ақпарат (220-бет)
қараңыз.
алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін НР жедел байланыс желісі және Web-сайты
Егер сіз HP басып шығару картриджін орнатсаңыз, және басқару панелінің хабары картридждің НР
еместігін көрсетсе, алдау оқиғасы жөнінде НР жедел байланыс желісі арқылы хабарлаңыз
(1-877-219-3183, Солтүстік Америкада тегін) немесе www.hp.com/go/anticounterfeit сайтын пайдаланыңыз.
HP компаниясы картридждің шынайы екендігін анықтауға көмектеседі және проблеманы шешу үшін
шаралар қолданады.
Егер сіз төмендегілерді байқап қалсаңыз, сіздің басып шығару картриджіңіз шынайы HP басып шығару
картриджі болмауы мүмкін:
Басып шығару картриджін пайдаланғанда проблемалар көп кездеседі.
Картридждің түрі әдеттегіден өзгеше (мысалы, жұлып алынатын қызғылт сары ілмегі жоқ немесе
орауышы HP орауышынан өзгеше).
Қамсыздандыру материалдардың қызмет уақыты
Өнімнің арнайы өнімділігіне қатысты ақпарат алу үшін www.hp.com/go/learnaboutsupplies торабын
қараңыз.
Қамсыздандыру материалдарына тапсырыс беру үшін Қамсыздандыру материалдары және керек-
жарақтар (197-бет) бөлімін қараңыз.
KKWW Жабдықтарды басқару 119