HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Жиекбелгі немесе бөлім Опциялар
Параметрлер жиекбелгісі
Өнімнің конфигурациясын
компьютеріңізден өзгертуге
мүмкіндік береді
Құрылғыны конфигурациялау: Өнімнің стандартты параметрлерін теңшеңіз. Бұл бетте
басқару тақтасының дисплейінде табылатын әдеттегі мәзірлер бар.
Науа өлшемдері/түрлері: Әрбір кіріс науасына рұқсат етілген қағаздың түрі мен
өлшемін және баспа құралын көрсетеді.
Электрондық пошта сервері: Тек желі. Электрондық пошта сигналдық хабарларын
орнату үшін Ескерту жазылымдары бетімен бірге қолданылады.
Ескерту жазылымдары: Тек желі. Әртүрлі өнімдер мен қамсыздандыру оқиғаларға
электрондық пошта ескертулерін орнатыңыз.
Шектер бойынша ескерту: Өнім жеке ескертулер жіберген кезі үшін уақыт немесе мәнді
орнатыңыз.
Автожіберу: Белгілі бір эл. пошта мекенжайына өнімнің конфигурациясы және
қамсыздандыру материалдары жөнінде автоматты түрде эл. пошта хабарларын
жіберіп тұруға өнімнің конфигурациясын өзгертіңіз.
Қауіпсіздік: Параметрлер және Желіге қосылу жиекбелгілерін, сондай-ақ, өнімнің
басқару тақтасының бөліктерін және HP Jetdirect желіге қосылуын қолдануға қол
жеткізу үішн енгізілуге тиісті кілтсөзді орнатыңыз. Өнімнің белгілі бір мүмкіндіктерін
қосады және ажыратады.
Басқа сілтемелерді өңдеу: Веб-торап қосыңыз немесе баптаңыз. Бұл сілтеме барлық
енгізілген веб сервері беттерінің Басқа сілтемелер аумағында көрсетіледі.
Құрылғы туралы ақпарат: Өнімді атап, оған растау номерін белгілеңіз. Өнім туралы
ақпаратты алатын негізгі байланыс контакттың аты-жөнін және эл. пошта мекенжайын
енгізіңіз.
Тіл: Енгізілген веб сервер ақпараты шығарылатын тілді белгілеңіз.
Күн және уақыт: Уақытты сервер желісі уақытымен қадамдастырыңыз.
Күту кестесі: Өнімнің дайын болуы үшін ояту уақытын орнатыңыз немесе өңдеңіз.
ЕСКЕРТПЕ: Параметрлер жиекбелгісін кілтсөзбен қорғауға болады. Егер бұл өнім желіде
болса, осы жиекбелгісіндегі параметрлерді өзгертпес бұрын әрқашанда жүйе әкімшісімен
ақылдасып алыңыз.
Желіге қосылу жиекбелгісі
Желілік параметрлерді
компьютеріңізден өзгерту
мүмкіндігін береді
Желі әкімшісі осы жиекбелгіні өнім IP желісіне қосылған жағдайда оның желіге қатысты
параметрлерін басқару үшін пайдалана алады. Егер өнім компьютерге тікелей қосылған
болса немесе HPJetdirect басып шығару серверінен басқасын пайдалану арқылы желіге
қосылған болса, бұл жиекбелгі көрсетілмейді.
ЕСКЕРТПЕ: Желіге қосылу жиекбелгісін кілтсөзбен қорғауға болады.
Басқа сілтемелер
Құрамында Сізді интернетке
қосатын сілтемелер бар
HP шұғыл қолдауы: Өнімнің ақаулықтарына шешім табуыңызға көмек көрсету үшін
сізді HP веб торабына қосады.
Жабдықтарды сатып алу: HP SureSupply веб-торабына қосылады. Бұл торапта сіз
принтердің картридждері мен қағаздары сияқты шынайы HP қамсыздандыру
материалдарын сатып алу мүмкіндіктері жөнінде ақпарат таба аласыз.
Өнімді қолдау: Әр түрлі тақырыпқа қатысты көмек алуға болатын өнімнің қолдау
торабына қосады.
Маған орындау тәсілін көрсетіңіз: Кептелуді тазалау және әр түрлі қағазға басып
шығару сияқты өнімге арналған арнайы тапсырмаларды көрсететін ақпаратқа қосады.
ЕСКЕРТПЕ: Осы сілтемелердің кез келгенін пайдалану үшін Сізде Интернетке қосылу
мүмкіндігі болуы тиіс. Егер Сіз Интернетке телефондық теру арқылы қосылатын болсаңыз,
Сіз енгізідген Веб серверді ашпас бұрын алдымен Интернетке қосылып алуыңыз тиіс.
Қосылу барысында Сізден Веб серверді жауып, оған қайта қосылу талап етілуі мүмкін.
KKWW Енгізілген веб-серверін пайдалану 113