HP LaserJet P3010 Series - User's Guide

Table Of Contents
Үнемдеу параметрлері
Үнемдеу Режимі
Бұл өнімде құжаттардың жобаларын басуға арналған Үнемдеу Режимі мүмкіндігі бар. Үнемдеу Режимі
тонерді аздау пайдаланып, бір парақты басып шығару шығынын азайтады. Алайда, Үнемдеу Режимі баспа
сапасын да төмендетеді.
HP компаниясы Үнемдеу Режиміді әрдайым қолданбауды ұсынады. Егер Үнемдеу Режимі әрдайым
қолданылса, тонер баспа картриджінің механикалық бөлшектерінен ұзағырақ қызмет етуі мүмкін. Егер
осындай жағдайда баспа сапасы нашарлай бастаса
, онда картриджде тонер қалса да, сізге жаңа
картриджді орнату қажет болады.
Үнемдеу Режимін келесі жолдардың біреуімен қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады:
Өнімнің басқару панелінде ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ мәзірін ашып, БАСЫП ШЫҒАРУ САПАСЫ
ішкі мәзірін таңдаңыз. Үнемдеу Режимі бастапқы кезінде өшірулі болады.
Енгізілген веб-серверде Settings (Параметрлер) жиекбелгісін ашып, Congure Device (Құрылғының
Конфигурациясын Өзгерту) опциясын таңдаңыз. Print Quality (Баспа Сапасы) ішкі мәзіріне барыңыз.
Macintosh жүйесіне арналған HP Принтерінің Утилитасында Conguration Settingsонфигурация
параметрлері) тармағын таңдап, Economode & Toner Density (Үнемдеу Режимі және Төнердің
Тығыздығы) батырмасын шертіңіз.
Windows PCL басып шығарғыштың драйверінде Paper/Quality (Парақ/Сапа) жиекбелгісін ашып,
EconoModeнемдеу Режимі) опциясын таңдаңыз.
Күту кідірісі
Реттелмелі күту режимі мүмкіндігі өнім ұзақ жұмыссыз тұрғанда қуатты үнемдейді. Өнім күту режиміне
өтуден бұрын өтуі тиіс уақыт ұзақтығын орнатуыңызға болады. 30 МИНУТ параметрі стандартты болып
табылады.
ЕСКЕРТПЕ: Өнім күту режимінде болғанда дисплей күңгірттенеді. Бұл режим өнімді қыздыру уақытына
әсер етпейді.
Күту кідірісін орнату
1. Мәзір батырмасын басыңыз.
2. Төмендегі мәзірлердің әрқайсысын ашыңыз. Оны бөлектеу үшін төмен көрсеткісін басып, оны
таңдау үшін OK түймесін басыңыз.
а. ҚҰРЫЛҒЫНЫ КОНФИГУРАЦИЯЛАУ
ә. ЖҮЙЕ ОРНАТПАСЫ
б. КҮТУ КІДІРІСІ
3. Лайықты уақыт аралығын таңдау үшін / жоғары немесе төмен көрсеткілерін басыңыз, одан кейін
OK түймесін басыңыз.
4. Мәзір батырмасын басыңыз.
90 7-тарау Өнім мүмкіндіктерін пайдаланыңыз KKWW