HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Арнайы баспа құралдарында басып шығарыңыз
Пайдаланылатын қағаз немесе баспа құралдары HP компаниясының техникалық талаптарына
сəйкес болуы керек. Жалпы алғанда, қағаз жылтырлау болса, нəтижелері де сəйкесінше
жоғарылау болады.
1. Кіріс науасын ашып, барлық баспа құралдарын шығарыңыз.
2. Баспа құралдарын салыңыз. Баспа құралдарының жоғарғы бөлігі алдыңғы жаққа
қаратылады жəне басылатын бет жағы жоғары жаққа қарауы тиіс.
3. Бағыттаушы құрылғыларды баспа құралдарының ұзындығына жəне еніне сəйкес етіп
реттеңіз.
4. Принтер драйверінде, Paper (Қағаз) немесе Paper/Quality (Қағаз/Сапа) жиекбелгісінде
Paper Type (Қағаз түрі) ашылатын тізімінен баспа құралының түрін таңдаңыз.
ЕСКЕРТУ: Өнім параметрлерінде баспа құралының дұрыс түрінің орнатылуын тексеріңіз.
Өнім термофиксатордың температурасын баспа құралының түріне байланысты реттейді.
Мөлдір үлдірлер немесе жапсырмалар сияқты таңдаулы баспа құралдарына басып
шығарған кезде мұндай реттеу термофиксатордың баспа құралдарды өнімнен өткенде
зақымдауын болдырмайды.
5. Құжатты басып шығарыңыз.
KKWW Арнайы баспа құралдарында басып шығарыңыз 77