HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Басып шығару тапсырмасын тоқтату
Егер баспа тапсырмасы орындалып жатқан болса, оны өнімнің басқару панеліндегі Cancel
(Тоқтату) батырмасын басу арқылы тоқтатыңыз.
ЕСКЕРІМ: Cancel (Тоқтату) батырмасы басылғанда өнімдегі орындалып жатқан баспа
тапсырмасы тоқтайды. Егер бірнеше процесс орындалып жатқан болса (мысалы, өнімнің құжатты
басып шығаруы жəне факс қабылдауы), Cancel (Тоқтату) батырмасын басқанда өнімнің басқару
панелінде көрініп тұрған процесс тоқтатылады.
Сонымен қатар басып шығару тапсырмасын бағдарламадан немесе басып шығару
тапсырмаларының кезегінен де тоқтатуға болады.
Баспа тапсырмасын дереу тоқтату үшін өнімнен қалған баспа құралдарын шығарып алыңыз.
Басып шығару тоқтаған соң мына опциялардың бірін пайдаланыңыз:
Device control panel:(Құрылғының басқару панелі:) Баспа тапсырмасын тоқтату үшін
өнімнің басқару панеліндегі Cancel (Тоқтату) батырмасын басыңыз жəне жіберіңіз.
Software program: (
Бағдарлама:) Əдетте компьютер экранында қысқа уақыт ішінде диалог
терезесі көрінеді, ол арқылы баспа тапсырмасын тоқтатуға болады.
Windows print queue: (Windows баспа тапсырмаларының кезегі:) Егер баспа
тапсырмасы кезекте тұрған болса (компьютер жадында) немесе баспа спулерінде болса,
тапсырманы сонда жойыңыз.
Windows 2000: Printer (Принтер) диалог терезесіне барыңыз. Start (Бастау), Settings
(Параметрлер) жəне Printers (Принтерлер) опцияларын таңдаңыз.
Терезені ашу үшін
өнім белгішесін екі рет басыңыз, баспа тапсырмасын таңдаңыз, содан кейін Delete
(Жою) батырмасын басыңыз.
Windows XP: Start (Бастау), Settings (Параметрлер) жəне Printers and Faxes
(Принтерлер жəне факстар) опцияларын таңдаңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін
екі рет басыңыз, тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ
батырмасымен басыңыз, содан кейін Cancel (Тоқтату) опциясын таңдаңыз
.
Windows Vista: Start (Бастау), Control Panel (Басқару панелі) опцияларын таңдаңыз,
содан кейін Hardware and Sound (Аппараттық құралдар жəне дыбыс) опциясының
астындағы Printer (Принтер) батырмасын басыңыз. Терезені ашу үшін өнім белгішесін
екі рет басыңыз, тоқтатқыңыз келетін баспа тапсырмасын тінтуірдің оң жақ
батырмасымен басыңыз, содан кейін Cancel (Тоқтату) опциясын таңдаңыз.
Macintosh print queue: (Macintosh жүйесіндегі баспа тапсырмаларының кезегі:) Доктағы
өнім
белгішесін екі рет басу арқылы баспа тапсырмаларының кезегін ашыңыз. Баспа
тапсырмасын таңдаңыз, содан кейін Delete (Жою) батырмасын басыңыз.
KKWW Басып шығару тапсырмасын тоқтату 73