HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Кез келген баспа опциясы үшін анықтама алу
Принтер-драйвер Анықтамасы бағдарлама анықтамасынан бөлек болады. Принтер-драйвер
анықтамасында принтер драйверіндегі түймелердің, белгі қойылатын ұяшықтардың жəне
жайылып түсетін тізімдердің түсіндірмелері беріледі. Сонда-ақ, оның ішіне парақтың екі жағына
басып шығару, бір параққа бірнеше бет басып шығару жəне бірінші бетті не мұқабаны басқа бір
қағаз түріне басып шығару сияқты жалпы баспа тапсырмалары бойынша
нұсқаулар кіреді.
Принтер-драйвер Анықтамасының терезелерін келесі жолдардың бірі арқылы іске қосыңыз:
Windows Macintosh
Принтер драйверінің Properties (Қасиеттер)
диалогтық терезесіндегі Help (Анықтама) түймесін
басыңыз.
Компьютер пернетақтасындағы F1 түймесін басыңыз.
Принтер драйверінің жоғарғы оң жақ бұрышындағы
сұрақ белгісін басыңыз.
Драйвердегі кез келген бір нəрсенің үстінен тінтуірдің
оң жақ түймесімен басып, содан кейін What's This?
(Бұл не?) деген жазуды басыңыз.
Print (Басып шығару) диалогтық терезесіндегі ? түймесін
басыңыз
.
72 Бап 7 Баспа тапсырмалары KKWW