HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Науа таңдауды өзгерту
Өнім баспа құралдары бар науалардан автоматты түрде баспа құралдарын алу режиміне
орнатылады. Егер 1-науаға баспа құралын салсаңыз, өнім əрқашан 1-науадан баспа құралын
алады. Егер 1-науада баспа құралы болмаса, өнім 3-науадан (егер орнатылған болса) баспа
құралын алуға əрекет жасайды, содан кейін 2-науадан алуға əрекет жасайды.
Таңдалған науаны өзгерту арқылы пайдаланғыңыз келетін науаны көрсетуге
болады. Auto select
(Автоматты түрде таңдау), Tray 1 (1-науа), Tray 2 (2-науа) жəне Tray 3 (3-науа) параметрлерін
пайдалануға болады. Auto select (Автоматты түрде таңдау) режимінде салынған баспа
құралдары сəйкес келетін бірінші науадан алынады.
ЕСКЕРІМ: Tray 3 (3-науа) опциясын 3-науа орнатылған болса ғана пайдалануға болады.
Ағымдағы тапсырма үшін таңдалған науаны өзгертіңіз
1. Өнімнің басқару панелінде Tray Select (Науа таңдау) батырмасын басыңыз.
2. Пайдаланғыңыз келетін кіріс науасын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз.
3. Таңдауды сақтау үшін Start Copy (Көшіруді бастау) батырмасын басыңыз жəне дереу көшіру
тапсырмасын бастаңыз немесе тапсырманы бастамай таңдауды сақтау үшін OK
батырмасын басыңыз.
Стандартты науа сақтауды өзгертіңіз
1. Өнімнің
басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Copy setup (Көшірме орнату) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. Бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланып Def. Tray Select (Стандартты науа таңдау)
опциясын таңдаңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланып стандартты науа параметрін таңдаңыз, содан
кейін OK батырмасын басыңыз.
68 Бап
6 Қағаз жəне баспа құралдары KKWW