HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Қағаз жəне баспа құралдарын салыңыз
1-науа
1-науаға қолдану өнімнің алдыңғы жағынан орындалады. Өнім басқа науалардан басып
шығарудың алдында 1-науадан басып шығарады.
1-науаға салмағы 75 г/м
2
немесе баспа құралының 50 парағына дейін немесе бес конверт, он
мөлдір үлдір немесе он ашықхат сыяды. 1-науаны бірінші бетті құжаттың қалған бөліктерінен
өзгеше баспа құралдарына басып шығару үшін пайдалануға болады.
Баспа құралында қисық (қиғаш) басылуды болдырмау үшін бағыттаушы құрылғылар баспа
құралдарының өнімге дұрыс берілуін қамтамасыз етеді. Баспа құралдарын салған кезде
бағыттаушы құрылғыларды пайдаланылатын
баспа құралдарының еніне сəйкес етіп реттеңіз.
2 немесе 3-науа
2-науа мен қосымша 3-науаға салмағы 75 г/м
2
қағаздың 250 бетіне дейін немесе ауырлау қағаздан
(25 мм немесе кішілеу жиын биіктігі) азырақ бет сыяды. Баспа құралдарының жоғарғы бөлігін
алдыңғы жаққа қаратып жəне басылып шығатын жағын төменге қаратып салыңыз.
Бағыттаушы құрылғылар баспа құралдарының өнімге дұрыс берілуін қамтамасыз етеді жəне
баспа құралында қисық басылуды болдырмайды. 2-науаның бүйір жағында жəне артқы жағында
баспа құралдарды бағыттаушы
құрылғылары болады. Баспа құралдарын салған кезде
бағыттаушы құрылғыларды пайдаланылатын баспа құралдарының ұзындығына жəне еніне
сəйкес етіп реттеңіз.
KKWW Қағаз жəне баспа құралдарын салыңыз 65