HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
ЕСКЕРІМ: Егер сіз белгілі бір IP режимдерін (мысалы, BOOTP, DHCP немесе AutoIP)
ажыратқыңыз немесе қосқыңыз келсе, осы параметрлерді енгізілген веб-серверді немесе
HP ToolboxFX бағдарламасын пайдаланып қана өзгертуге болады.
IPv4 жəне IPv6 параметрлері
IPv4 протоколын ғана қолмен конфигурациялауға болады. IPv4 протоколын HP ToolboxFX
бағдарламасынан немесе өнімнің басқару панелінен орнатуға болады. IPv6 протоколын өнімнің
басқару панелінен ғана таңдауға болады.
Байланыс жылдамдығының параметрі
ЕСКЕРІМ: Байланыс жылдамдығының параметрін дұрыс емес өзгерту өнім мен басқа желілік
құрылғылар арасындағы байланысқа жол бермеуі мүмкін. Көп жағдайларда өнім автоматты
режимде қалуы тиіс. Өзгертулер енгізілгенде өнім ажыратылып қайта қосылуы мүмкін.
Өзгертулер өнім бос тұрған кезде ғана енгізілуі тиіс.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Network config (Желі конфигурациясы) таңдау үшін
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. Link speed (Байланыс жылдамдығы) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Келесі параметрлердің бірін таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды пайдаланыңыз.
●
Автоматты
●
10T Толық
●
10T Орташа
●
100TX Толық
●
100TX Орташа
ЕСКЕРІМ: Параметр сіз қосылатын желілік өнімге (желілік хаб, қосқыш, шлюз,
маршруттауыш немесе компьютер) сəйкес келуі қажет.
5. OK батырмасын басыңыз. Өнім ажыратылып қайта қосылады.
KKWW Желілік өнімді конфигурациялаңыз 57