HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Networking (Желіге қосылу) жиекбелгісінен (EWS) немесе Network Settings (Желі параметрлері)
жиекбелгісінен (HP ToolboxFX) келесі конфигурацияларды өзгертуге болады:
Хост аты
Қолмен енгізілетін IP адресі
Қолмен енгізілетін желі бөлігінің маскасы
Қолмен енгізілетін стандартты шлюз
ЕСКЕРІМ: Желі конфигурациясын өзгерткенде өніммен қайтадан байланысудың алдында
браузердің URL адресін өзгерту қажет болуы мүмкін. Желі қайта іске қосылу кезінде өнімді
пайдалану мүмкіндігі бірнеше секундқа жойылады.
IP адресі
Өнімнің IP адресін қолмен орнатуға болады немесе оны DHCP, BootP немесе AutoIP
протоколдары арқылы автоматты түрде конфигурациялауға болады.
Қолмен конфигурациялау
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Network config (Желі конфигурациясы) таңдау үшін
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. TCP/IP config (TCP/IP конфигурациясы) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларды пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Manual (Қолмен орындалатын) таңдау үшін
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
5. IP адресін
енгізу үшін əріптік-сандық батырмаларды пайдаланыңыз, содан кейін OK
батырмасын басыңыз.
6. Егер IP адресі қате болса, No (Жоқ) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз. 5-қадамды дұрыс IP адресін енгізіп
қайталаңыз, содан кейін желі бөлігінің маскасы мен стандартты шлюз параметрлері үшін 5-
қадамды қайталаңыз.
Автоматты түрде конфигурациялау
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Network config (Желі конфигурациясы) таңдау үшін
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
3. TCP/IP config (TCP/IP конфигурациясы) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш
батырмаларды пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
4. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Automatic (Aвтоматты) таңдау үшін пайдаланыңыз, содан
кейін OK батырмасын басыңыз.
Автоматты IP адресі пайдалануға
дайын болғанша бірнеше минут уақыт өтуі мүмкін.
56 Бап 5 Байланыс мүмкіндігі KKWW