HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Желілік өнімді конфигурациялаңыз
Параметрлерді қарап шығыңыз
Желінің конфигурациялық беті
Желінің конфигурациялық бетінде өнімнің желілік картасының ағымдағы параметрлері мен
қасиеттерінің тізімі беріледі. Өнімнен желінің конфигурациялық бетін басып шығару үшін келесі
қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Reports (Есеп берулер) таңдау үшін пайдаланыңыз, содан
кейін OK батырмасын басыңыз.
3. Network report (Желілік есеп) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
Конфигурациялық бет
Конфигурациялық бетте өнімнің ағымдағы параметрлері мен қасиеттерінің тізімі беріледі.
Конфигурациялық бетті өнімнен немесе HP ToolboxFX арқылы басып шығаруға болады. Өнімнен
желінің конфигурациялық бетін басып шығару үшін келесі қадамдарды орындаңыз.
1. Басқару панелінде Setup (Орнату) батырмасын басыңыз.
2. Бағыт көрсеткіш батырмаларды Reports (Есеп берулер) таңдау үшін пайдаланыңыз, содан
кейін OK батырмасын басыңыз.
3. Config report (Конфигурация есебі)
опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды
пайдаланыңыз, содан кейін OK батырмасын басыңыз.
Екінші бет те басылып шығады. Сол беттегі Fax Settings (Факс параметрлері) жəне Imaging
Settings (Кескіндеу параметрлері) бөлімдерінде өнімнің факс параметрлері туралы толық
мəліметтер беріледі.
Параметрлерді өзгертіңіз
IP конфигурациялық параметрлерін қарап шығу немесе өзгерту үшін енгізілген веб-серверді
(EWS) немесе HP ToolboxFX пайдалануға болады. Енгізілген веб-серверге кіру үшін өнімнің IP
адресін веб-браузердің адрестік жолына енгізіңіз.
Өнім тікелей компьютерге қосылғанда немесе ол желіге қосылғанда сіз HP ToolboxFX көре
аласыз. HP ToolboxFX пайдалану үшін бағдарламалық құралды толығымен орнату қажет.
HP ToolboxFX ашу үшін келесі əдістердің бірін пайдаланыңыз:
●
Windows
жүйелік науасында HP ToolboxFX белгішесін екі рет басыңыз.
●
Windows жүйесінің Start (Бастау) мəзірінде Programs (Бағдарламалар) (немесе Windows XP
жүйесінде All Programs (Барлық бағдарламалар) таңдаңыз, HP таңдаңыз, өнім атын
таңдаңыз жəне HP ToolboxFX таңдаңыз.
HP ToolboxFX бағдарламасында Network Settings (Желі параметрлері) жиекбелгісін таңдаңыз.
KKWW Желілік өнімді конфигурациялаңыз 55