HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Өнімнен жəне HP Басқарушыдан (Macintosh)
сканерлеңіз
Осы бөлімде сипатталған тапсырмалар мен параметрлер туралы қосымша мəлімет алу үшін
HP Басқарушысының онлайн режиміндегі Анықтамасын қараңыз.
Сканерлеу тапсырмалары
Бағдарламаға сканерлеу үшін тармақты бағдарламаның өзін пайдаланып сканерлеңіз. TWAIN-
үйлесімді кез келген бағдарлама бейнені сканерлей алады. Егер бағдарлама TWAIN-үйлесімді
болмаса, сканерленген бейнені файлда сақтаңыз, содан кейін файлды бағдарламада
орналастырыңыз, ашыңыз немесе импорттаңыз.
Əр беттік сканерлеуді пайдаланыңыз
1. Планшетті сканердің қақпағын көтеріңіз жəне түпнұсқаны қойыңыз. Түпнұсқаны планшетті
сканерге бетін төменге қаратып қойыңыз. Құжаттың жоғарғы сол
жақ бұрышы шынының
төменгі оң жақ бұрышында болуы керек. Қақпақты ақырын жабыңыз.
2. HP Басқарушысының жұмыс үстеліндегі бүркеншік атын екі рет басыңыз.
3. HP Басқарушысын басыңыз жəне Scan (Сканерлеу) батырмасын басып, HP диалог терезесін
ашыңыз.
4. Scan (Сканерлеу) батырмасын басыңыз.
5. Бірнеше бетті сканерлеу үшін келесі бетті салыңыз жəне Scan (Сканерлеу) батырмасын
басыңыз. Барлық беттерді
сканерлеп бітіргенше əрекетті қайталаңыз.
6. Finish (Аяқтау) батырмасын басыңыз, содан кейін Destinations (Орны) батырмасын
басыңыз.
Файлға сканерлеу
1. Destinations (Орны) опциясында Save To File(s) (Файлға(дарға) сақтау) опциясын таңдаңыз.
2. Файлға ат беріңіз жəне сақтайтын орнын көрсетіңіз.
3. Save (Сақтау) батырмасын басыңыз. Түпнұсқа сканерленеді жəне сақталады.
Электрондық поштаға сканерлеу
1. Destinations (Орны) опциясында E-mail (Электрондық пошта) опциясын
таңдаңыз.
2. Тіркеме түрінде электрондық пошта сканерленген құжатпен бірге ашылады.
3. Электрондық пошта хабарын алушының мəліметтерін енгізіңіз, мəтін немесе басқа
тіркемелерді қосыңыз, содан кейін Send (Жіберу) батырмасын басыңыз.
46 Бап 4 Өнімді Macintosh жүйесімен пайдаланыңыз KKWW