HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Конфигурациялау бетін басып шығару жөніндегі толығырақ ақпаратты Ақпараттық
беттер 184-бетте ішінен қараңыз.)
Енгізілген Веб сервердің мүмкіншіліктері мен қызметтерін толық түсіну үшін
Енгізілген веб-
сервер 194-бетте қараңыз.
Macintosh конфигурациялық құрылғысы
Macintosh конфигурациялық құрылғысы өнім туралы мəліметтер (мысалы, жабдықтар күйі жəне
өнім параметрлері туралы мəліметтер) алуды қамтамасыз ететін Интернет желісіне негізделген
бағдарлама болып табылады. Macintosh конфигурациялық құрылғысын өнімді компьютерден
бақылау жəне басқару үшін пайдаланыңыз
ЕСКЕРІМ: Macintosh конфигурациялық құрылғысын пайдалану үшін бағдарламалық
құралдарды толық орнатуыңыз қажет.
●
Өнім күйін тексеріңіз жəне ақпараттық беттерді басып шығарыңыз.
●
Өнім жүйесінің параметрлерін тексеріңіз жəне өзгертіңіз.
●
Стандартты баспа параметрлерін тексеріңіз.
●
Құрамында факс жіберу, факс қабылдау, факстың телефон кітабы, нөмірді тез теру
параметрлері жəне факс есептері бар факс параметрлерін тексеріңіз жəне өзгертіңіз.
●
Құрамында IP конфигурациясы, Жақсартылған, mDNS, SNMP, желі конфигурациясы жəне
кілтсөз бар желі параметрлерін
тексеріңіз жəне өзгертіңіз.
Өнім тікелей компьютеріңізге қосылған болса немесе ол желіге қосылған болса, Macintosh
конфигурациялық құрылғысын көре аласыз.
ЕСКЕРІМ: Macintosh конфигурациялық құрылғысын ашу үшін жəне оны пайдалану үшін
Интернетке кірудің қажеті жоқ.
Өнім тікелей компьютерге қосылғанда Macintosh конфигурациялық құрылғысын көріңіз
1. HP Director (НР Басқарушысы) ашу үшін доктағы HP Director (НР Басқарушысы) белгішесін
басыңыз.
2. HP Director (НР Басқарушысы) тармағында Settings (Параметрлер) таңдаңыз.
3. Браузерде Macintosh конфигурациялық құрылғысының бастапқы бетін ашу үшін Configure
device (Құрылғыны конфигурациялау) таңдаңыз.
Өнім желіге қосылғанда Macintosh конфигурациялық құрылғысын көріңіз
1. Қолдау көрсетілетін веб-браузерлерінің бірін ашыңыз:
●
Safari 1.2 немесе одан
кейінгі нұсқалары
●
Microsoft Internet Explorer 5.0 немесе одан кейінгі нұсқалары
●
Netscape Navigator 4.75 немесе одан кейінгі нұсқалары
●
Opera 6.05 немесе одан кейінгі нұсқалары
2. Macintosh конфигурациялық құрылғысының бастапқы бетін ашу үшін веб-браузерге өнімнің
IP адресін енгізіңіз.
KKWW Macintosh арналған бағдарламалық құралдар 41