HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
браузер Веб-браузеріне қысқа, орнын анықтау үшін қолданылатын бағдарламалық құрал жəне веб-
беттерді ашыңыз.
дюйміне нүкте (нүкте/дюйм) Басып шығаруға қолданылатын ажыратымдылық өлшемі. Жалпы, əр
дюймдегі көп нүкте ажытарымдылықтың мəнінің артуына, бейнедегі көрінетін элементтердің көбеюіне жəне
файл өлшемінің артуына нəтиже береді.
дюйміне пиксел (пиксел/дюйм) Сканерлеуге қолданылатын ажыратымдылық өлшемі. Жалпы, əр
дюймдегі көп
нүкте ажытарымдылықтың мəнінің артуына, бейнедегі көрінетін элементтердің көбеюіне жəне
файл өлшемінің артуына нəтиже береді.
ерекше қоңырау Кейбір елдерде/аймақтарда телефон компаниялары ұсынатын қызмет бір телефон
желісінде екі не үш телефон нөмірлерін қондыруға мүмкіндік береді. Əрбір телефон нөмірінің əр түрлі
шырылдау үлгісі бар жəне факс аппаратын факс нөмірінің ерекше қоңырауын тануға конфигурациялауға
болады.
ерекшеленген
желі Дауыстық қоңауларға немесе факс қоңырауларына қолданылатын жалғыз телефон
желісі.
жалпы пайдаланудағы телефон желісі (PSTN) Дүниежүзілік коммутациялы телефон желісі немесе сол
желінің бір бөлігі. Пайдаланушыларға телефон торабындағы жергілікті компаниялар арқылы PSTN желісіне
жалғауға мүмкіндік беретін бірегей телефон нөмірлерін орнатады. Көбінесе, мəліметтерге жүгінгенде
немесе басқа телефонға қатыссыз қызмет орындары бастапқыда негізі салынған жолмен қалыпты телефон
сигналдарын
жəне қарапайым коммутациялы алыс байланыс телефондық тізбегін қолдана отырып
өткізгенде, осы айналым қолданылады.
жартылай реңк Нүктелердің санын өзгерту арқылы сұр шəкілдегіні көрсететін бейне. Ашықтау жерлер
нүктелердің аз санынан тұрса, түрлі түсі айқын жерлер нүктелердің көп санынан тұрады.
жеке пайдалануға арналған телефон жүйесі (PBX) Үлкен мекемелер мен университеттердің ұйымдағы
барлық қосымша телефондарды жалғауға пайдаланатын кішкентай
телефонды қосу жүйесі. Сонымен
бірге PBX жүйесі жалпы пайдаланудағы телефон желісіне (PSTN) жалғайды жəне кіретін жəне шығатын
қоңырауларды анықтау үшін қосымша телефондар арқылы пайдаланылатын əдіске байланысты қолмен
немесе автоматты терілуі мүмкін. Əдетте жабдыққа жалға берген телефон компаниясына қарағанда
тұтынушы иелік етеді.
кернеу ауытқуынан қорғағыш Қуат көзін жəне байланыс желілерін электр разрядынан қорғайтын
құрылғы.
қарама-қарсылық Бейненің
қою жəне ашық жерлерінің арасындағы айырмашылық. Санның мəні
неғұрлым кем болған сайын, көлеңкелер бір-біріне соғұрлым ұқсас болады. Санның мəні неғұрлым артқан
сайын, көлеңкелер бір-бірінен соғұрлым алшақтай түседі.
ортақ желі Дауыстық жəне факс қоңырауларына қолданылатын жалғыз телефон желісі.
принтер драйвері Принтер драйвері бағдарламалардың өнім функцияларына өтуге қолданатын
бағдарламасы болып табылады. Принтер драйвері
(беттің үзілуі жəне қаріпті таңдау секілді)
бағдарламалардың пішімдеу командаларын (PostScript немесе PCL секілді) принтер тіліне аударады,
содан кейін басып шығарылатын файлды өнімге жібереді.
салыстыру Жинақтағы көп көшірме жасау тапсырмасын басып шығару процесі. Салыстыру таңдалғанда,
өнім қосымша көшірмелерді басып шығарар алдында жинақты толығымен басып шығарады. Немесе, өнім
келесі беттерді басып шығарар алдында бір беттің
білгіленген сандағы көшірмелерін басып шығарады.
Символдарды оптикалық тану (OCR) бағдарламалық құралы OCR бағдарламалық құралы
сканерленген құжат секілді мəтіннің электрондық бейнесін мəтіндік процессор, ірі пішімді кесте жəне
дерекқор бағдарламалары қолдана алатын пішінге өзгертеді.
296 Глоссарий KKWW