HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Глоссарий
ADF құрылғысы Құжатты автоматты беру құрылғысы. ADF құрылғысы көшіру, сканерлеу немесе
факспен жіберу үшін түпнұсқаларды автоматты түрде өнімге беруге пайдаланылады.
DIMM модулі Қос желілі жад модулі, жадты ұстап тұратын кішкентай баспа платасы. DIMM модулінің 64
битті жолы болса, жалғыз желілі жад модулінің (SIMM) жадқа сақтауға арналған 32 битті жолы бар.
DSL Сандық абонеттік желі, жоғары жылдамдықты қосатын технология, телефон
желілері арқылы
интернетке тікелей жалғау.
HP ToolboxFX HP ToolboxFX - өнімді басқару жəне ақаулықтарды түзету саймандарына, енгізілген веб-
серверге жəне өнімнің құжаттамасына өтуді қамтамасыз ететін бағдарлама. HP ToolboxFX Macintosh
операциялық жүйесіне қолдау көрсетпейді.
HP Анықтамалығы Құжаттармен жұмыс істеген кезде пайдаланылатын бағдарламалық экран. Құжатты
автоматты беру (ADF) құрылғысына құжат салынғанда жəне компьютер өнімге тікелей жалғанғанда,
факспен жіберуді, көшіруді немесе сканерлеуді іске
қосу үшін компьютердің экранына HP Анықтамалығы
шығады.
ISDN Integrated Services Digital Network (ISDN) (Тұтас қызметтері бар сандық желі) - жалпы пайдаланудағы
телефон желісі арқылы тура сандық байланысқа арналған халықаралық деңгейде қабылданған
стандарттар жиынтығы.
Readiris I.R.I.S. жетілдірген символдарды оптикалық тану (OCR) жəне өнімнің бағдарламалық құралымен
бірге қамтылатын.
TWAIN Сканерлер мен бағдарламалық құралға арналған өнеркəсіптік стандарт. TWAIN икемді
бағдарламасымен TWAIN икемді сканерді қолдана отырып, сканерлеуді бағдарламадан бастауға
болады.
URL Ақпаратты ресурсты бірыңғай көрсеткіш, интернеттегі құжаттар мен ресурстардың желілік адресі.
Адрестің бірінші бөлігі қандай протоколды пайдалану керектігін көрсетеді, екінші бөлігі ресурс орналасқан
жердегі IP адресін немесе домен атын білдіреді.
USB Universal serial bus (USB) (Əмбебап бірізді шинасы) - компьютерлер мен периферийлі құрылғыларды
жалғауға арналған USB Implementers Forum, Inc., жетілдірген стандарт. USB периферийлі құрылғыларды
көбейту үшін жалғыз компьютердің USB портына келісе отырып жалғауға
арналған.
WIA Windows Imaging Architecture (WIA) (Windows жүйесіндегі бейненің құрылысы) - Windows Me жəне
Windows XP жүйесінде қолданылатын бейненің құрылысы. Сканерлеуді WIA икемді сканері арқылы осы
операциялық жүйелерде бастауға болады.
ажыратымдылық Бейненің айқындығы, нүкте/дюйммен (нүк/дюйм) өлшенген. Нүк/дюйм артқан сайын,
ажыратымдылық мəні артады.
байланыс Ақпаратты өнімнен электрондық пошта, электрондық факс жəне OCR байланыстары секілді
басқа бағдарламаларға жіберу үшін қолдануға болатын бағдарламаға немесе құрылғыға
жалғау.
KKWW Глоссарий 295