HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

IC CS-03 талаптары
Ескерту: Канаданың өнеркəсіп жапсырмасы жабдықтың сертификатталғанын айғақтайды. Бұл
сертификат жабдықтың Терминалды жабдықтың техникалық талаптары туралы тиісті құжатта
(тарда) көрсетілгендей белгілі бір телекоммуникация желісінің қорғаушы, жұмыс жəне қауіпсіздік
талаптарына сəйкес келетінін білдіреді. Департамент жабдықтың пайдаланушы қанағатына
жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Бұл жабдықты орнатардан бұрын, пайдаланушылар
жабдықтың жергілікті телекоммуникациялық компанияның жабдығына жалғауға рұқсат екенін
біліп
алуы керек. Сонымен қатар жабдық рұқсат етілген жалғау əдісі арқылы орнатылуға тиіс.
Тұтынушы жоғарыда айтылған шарттармен келісу кейбір жағдайларда қызмет көрсету деңгейінің
төмендеуіне жол бермейтіндігін білуі керек. Сертификатталған жабдықты жөндеу жұмыстарына
жеткізуші белгілеген өкіл келісім беруі керек. Бұл жабдыққа пайдаланушы жасаған кез келген
жөндеу жұмыстары немесе өзгертулер немесе жабдықтың ақаулықтары телекоммуникациялық
компанияның
пайдаланушыдан жабдықты ажыратуды өтінуіне себепші болуы мүмкін.
Пайдаланушылар жеке қорғанышы үшін қуат көзінің жерге қосылатын сымдарының, телефон
желілерінің жəне, егер бар болса, ішкі металды су түтіктері жүйесінің бірге жалғануын қамтамасыз
етуі керек. Бұл сақтандыру қалалық аймақтарда өте маңызды болады.
ЕСКЕРТУ: Пайдаланушылар мұндай жалғауларды өздерінше жасауға талпынбауы керек,
қажетінше тиісті электр желілерін бақылау мекемесіне немесе электр маманына хабарласуы
керек. Бұл құрылғының қоңыраулы құрылғыларының баламалы саны (REN) 0.7 болып келеді.
Ескерту: Əрбір терминалды құрылғыға берілген қоңыраулы құрылғылардың баламалы саны
(REN) телефон интерфейсіне жалғауға мүмкінбік беретін терминалдардың ең көп санын
көрсетеді. Интерфейстің соңғы нүктесі барлық құрылғылардың қоңыраулы құрылғыының
баламалы саны бестен (5.0) аспайды деген талапқа ғана тəн құрылғылардың қосылуынан
құралуы мүмкін. Телефон желісіне тікелей жалғанатын жабдыққа арналған стандартты жалғауды
реттеу коды (телефон ұясы түрі) CA11A болып
келеді.
KKWW IC CS-03 талаптары 289