HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Қоршаған ортада өнімдерді басқару бағдарламасы
Қоршаған ортаны қорғау
Hewlett-Packard компаниясы қоршаған ортаға зиян тигізбейтін жолмен сапалы өнімдерді
шығаруды ұстанады. Бұл өнім қоршаған ортаға зиянды азайтатын бірнеше белгілермен
жобаланған.
Озон өндіру
Бұл өнім ешбір елеулі озон газын өндірмейді (O
3
).
Тұтынылатын қуат
Дайын/Ұйқы режимінде қуаттың тұтынылуы айтарлықтай азайып, бұл бұйымның жоғары
өнімділігіне əсер етпестен табиғи ресурстар мен қаражатты үнемдейді. Бұл өнімдің ENERGY
STAR® квалификациялық жағдайын анықтау үшін Өнім Спецификациясын немесе
Спецификациялар парағын қараңыз. Жарамды өнімдердің тізімі келесілерде де берілген:
http://www.hp.com/hpinfo/globalcitizenship/environment/productdesign/ecolabels.html
Тонерді пайдалану
EconoMode (Үнемдеу режимі) тонерді аз пайдаланып, баспа картрижінің пайдалану мерзімін
ұзартуы мүмкін.
Қағаз пайдалану
Бұл құрылғының қолмен таңдалатын/автоматты дуплексті функциясы (екі жақты баспа) жəне N-
дейін басып шығару (бір бетке бірнеше бет басылған) мүмкіндігі қағазды пайдалануды жəне
табиғи қорларға деген сұранысты азайта алады.
Пластмасса
Ауырлығы 25 граммнан асатын пластмасса бөлшектер бұйымның пайдалану мерзімі
аяқталғаннан кейін пластмассаның қайта пайдалануға жарамдылығын күшейтетін халықаралық
стандарттар бойынша белгіленген.
HP LaserJet баспаға арналған қамсыздандыру құралдары
HP Planet Partners-пен бос HP LaserJet баспа картридждерін қайтару мен қайта пайдалану оңай
болады. Əрбір жаңа HP LaserJet баспа картриджі мен жеткізу пакеті ішінде көп тілді
бағдарламалық ақпарат пен нұсқаулар бар. Бірнеше картриджді бөлек тапсырмай, бірге тапсыру
арқылы қоршаған ортаға келетін зиянды азайтуға көмектесесіз.
HP компаниясы өнімді жобалау мен өндіруден бастап, тарату, тұтынушының пайдалануы жəне
қайта пайдалануға дейінгі кезең
ішінде қоршаған ортаға зиян келтірмейтін тапқыр, жоғары сапалы
өнімдер мен қызметтер ұсыну қағидасын ұстанады. HP компаниясының Planet Partners
(Ғаламшар Əріптестері) бағдарламасына қатысқаңызда, біз HP LaserJet принтеріңіздің баспа
картриджінің дұрыс қайта пайдаланылуын қамтамасыз етіп, оларды жаңа өнімдер шығаруға
арналған пластмасса мен металл етіп қалпына келтіру үшін өңдейміз жəне миллиондаған тонна
қалдықтарды қоқыс тастайтын жерге жеткізбейміз. Картридж қайта пайдаланылып
, жаңа
материалдарда қолданылатындықтан, ол сізге қайтарылмайды. Қоршаған ортаға
жауапкершілікпен қарағаныңыз үшін рахмет!
284 Қосымша D Реттеуші ақпарат KKWW