HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
FCC талаптарына сəйкестік
Бұл жабдық сынақтан өтті жəне FCC ережелерінің 15-бөліміне сəйкес B класындағы сандық
құрылғыға арналған шектеулерге сəйкес келеді деп танылды. Бұл шектеулер жеке орнатудағы
зиянды кедергілерден қажетті қорғауды қамтамасыз етуге арналған. Бұл жабдық радио
жиілігіндегі энергияны өндіреді, пайдаланады жəне тарата алады. Егер ол нұсқауларға сəйкес
орнатылмаса жəне қолданылмаса, ол радио байланысқа зиянды кедергі келтіруі мүмкін.
Дегенмен
, нақты бір орнатуда кедергінің болмайтынына кепілдік берілмейді. Егер бұл жабдық
өшкенде немесе қосылғанда радио немесе телеарналар сигналын қабылдауға зиянды кедергі
келтірсе, пайдаланушы төмендегі шаралардың біреуі немесе бірнешеуі арқылы кедергіні жоюға
талпынады:
●
Қабылдау антеннасының бағытын өзгертіңіз немесе орнын ауыстырыңыз.
●
Жабдық пен қабылдағышты бір-бірінен алыстау қойыңыз.
●
Қабылдағыш орналасқан жердегі розеткадан басқа
тізбектегі розеткаға жабдықты жалғаңыз.
●
Дилеріңізбен немесе тəжірибелі техникпен ақылдасыңыз.
ЕСКЕРІМ: Hewlett-Packard тарапынан нақты мақұлданбай енгізілген кез келген өзгерістер мен
түрлендірулер пайдаланушыны осы жабдықты қолдану құқығынан айыруы мүмкін.
Қорғалған интерфейстік кабельді FCC ережелерінің 15-бөлімнің B класындағы шектеулерге
сəйкес қолдану талап етіледі.
Бұл жабдық FCC ережелерінің 68-бөліміне сəйкес келеді. Бұл жабдықтың артында жапсырмада
басқа ақпаратпен бірге осы жабдыққа арналған FCC тіркеу нөмірі мен қоңыраулы құрылғылардың
баламалы саны (REN) бар. Талап етілген жағдайда бұл ақпарат телефон компаниясына берілуге
тиіс. REN телефон желісіне қосуға болатын құрылғылар санын айқындау үшін пайдаланылады.
Телефон желісіндегі REN саны тым артып кетсе, құрылғылар кіретін қоңырауға жауап
ретінде
шырылдамауы мүмкін. Көпшілік аймақтарда, бірақ барлығында емес, REN саны бесеуден (5.0)
аспауға тиіс. REN жалпы санын анықтау бойынша желіге жалғауға болатын құрылғылардың
санын нақты білу үшін қоңырау шалуға болатын аймаққа арналған ең көп REN санын анықтау
мақсатымен телефон компаниясына хабарласыңыз.
Бұл жабдық төмендегі USOC ұяларын пайдаланады: RJ11C.
FCC икемді телефон кабелі мен модульді аша осы жабдықпен бірге беріледі
. Бұл жабдық 68-
бөлімге сəйкес келетін үйлесімді модульді ұя арқылы телефон желісіне немесе ғимараттардың
жалғау схемаларына жалғауға арналған. Бұл жабдық телефон компанияларының таксофондық
қызметіне қолданылмайды. Ұжымдық пайдалану желісі қызметіне қосылу тарифтерге сəйкес
жүзеге асады. Егер бұл жабдық телефон желісіне зиян келтірсе, телефон компаниясы сізге
қызмет көрсетуді уақытша тоқтату қажет етілетіні туралы алдын ала
хабарлайды. Егер алдын ала
ескерту тəжірибеде болмаса, телефон компаниясы тұтынушыға мүмкіндігінше тезірек хабарлауға
тырысыады. Сонымен бірге сіз егер қажет деп тапсаңыз, FCC қызметіне шағым беруге құқығыңыз
бар екені туралы кеңес аласыз. Телефон компаниясы оның мүмкіндіктеріне, жабдығына, жұмыс
істеуіне немесе жабдықтың жұмысына əсер ететін процедураларға өзгеріс енгізуі мүмкін. Егер
осы жағдай орын алса, телефон компаниясы
үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін
қажетті өзгерістерді енгізу туралы сізге алдын ала ескертеді. Егер бұл жабдықта ақау пайда
болса, жөндеу жəне (немесе) кепілдік туралы ақпарат алу үшін мына нұсқаулықтың бас жағында
келтірілген сандарды қараңыз. Егер ақаулықтар телефон желісіне зиян келтірсе, телефон
компаниясы мəселе шешілгенше сізден жабдықты желіден ажыта тұруды өтінуі мүмкін. Мына
жөндеу жұмыстарын тұтынушы өзі орындай алады: Құрылғымен бірге келетін түпнұсқа
жабдықтың кез келген бөлшегін ауыстырыңыз. Олардың қатарына баспа картриджі, науалар мен
282 Қосымша D Реттеуші ақпарат KKWW