HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

HP техникалық қызмет көрсету келісімдері
HP компаниясында қолдау қажеттіліктерінің кең ауқымына сай техникалық қызмет көрсету
келісімдерінің бірнеше түрі бар. Техникалық қызмет көрсету келісімдері стандартты кепілдіктің
бөлігін құрамайды. Қолдау қызметтері аймақтарға қарай əр түрлі болуы мүмкін. Сізге көрсетілетін
қызметтердің бар-жоғын анықтау үшін HP дилерінен сұраңыз.
Жүйе ішілік қызмет көрсету келісімдері
Сізді қажеттіліктеріңізге мейлінше толық сай келетін қолдау деңгейімен қамтамасыз ету үшін HP
компаниясында жауап уақыттары таңдалатын жүйе ішілік қызмет көрсету келісімдері бар.
Келесі күнгі жүйе ішілік қызмет көрсету
Бұл келісім қызмет көрсету туралы сұрау алынғаннан кейін ертесі күні қолдау көрсетілуін
қамтамасыз етеді. HP компаниясының арнаулы қызмет көрсету аймақтарынан тыс қосымша
жөндеу сағаттары мен қосымша жол жүру жүйе ішілік қызмет көрсету келісімдерінің көпшілігінде
қарастырылады (қосымша ақы үшін).
Апталық (көлемді) жүйе ішілік қызмет көрсету
Бұл келісім апта сайын жоспарлы түрде көп HP өнімдерімен жабдықталған ұйымдарға барып
жүйе ішілік қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді. Бұл келісім 25 не одан да көп автоматты жұмыс
орнымен, соның ішінде құрылғылармен, плоттерлермен, компьютерлермен жəне диск
жетектерімен жабдықталған жұмыс орындарына арналған.
Құрылғыны қайтадан қорабына салу
Егер HP Тұтынушыларды қорғау қызметі құрылғы жөндеу үшін HP компаниясына қайтарылуы
керек деп ұйғарса, құрылғыны тасымалдар алдында оны қайтадан қорабына салу үшін төмендегі
қадамдарды орындаңыз.
ЕСКЕРТУ: Дұрыс буып-түймеу нəтижесінде болған тасымалдау зақымдары үшін
жауапкершілікті тұтынушы көтереді.
Құрылғыны қайтадан қорабына салу үшін
1. Өзіңіз сатып алып, құрылғыға салған барлық DIMM карталарын шығарып алыңыз.
Құрылғымен бірге келген DIMM карталарын шығармаңыз.
ЕСКЕРТУ: Статикалық электр DIMM карталарын зақымдауы мүмкін. DIMM карталарын
ұстаған кезде, статикаға қарсы білезік тағып алыңыз, не болмаса жиі-жиі DIMM картасының
статикаға қарсы орауышын ұстап, содан кейін құрылғыдағы жалаң металды ұстап тұрыңыз.
DIMM карталарын шығарып алу үшін
DIMM жад модульдері 202-бетте қараңыз.
2. Баспа картриджін шығарып алып, сақтап қойыңыз.
ЕСКЕРТУ: Құрылғыны жіберер алдында баспа картриджін шығарып алудың маызы аса
зор. Құрылғының ішінде қалып қойған баспа картриджі тасымалдау кезінде ағып,
құрылғының механизміне жəне басқа бөлшектерге түгел тонер жағылуы мүмкін.
Баспа картриджі зақымданбауы үшін оның ролигіне тиюден сақ болыңыз жəне баспа
картриджін өзінің орауыш материалында немесе оған жарық түспейтіндей етіп сақтаңыз.
3. Қуат кабелін, интерфейстік кабельді жəне қосымша керек-жарақтарды ажыратып алып,
сақтап қойыңыз.
KKWW HP техникалық қызмет көрсету келісімдері 273