HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Баспа картриджі шектеулі кепілдік мəлімдемесі
Бұл HP өнімінде материал жəне өндіріс кемшіліктері жоқ екендігіне кепілдік беріледі.
Осы кепілдік (а) қайта толықтырылған, жаңартылған, қайта жасалған немесе қандай да бір
жолмен қолдан жасалған, (ə) дұрыс пайдаланбау, сақтамау немесе құрылғының жарияланған
қоршаған ортаға қойылатын шарттарынан тыс жағдайларда жұмыс істету нəтижесінде бұзылған
немесе (б) əдеттегі пайдаланудан тозған өнімдерге қолданылмайды.
Кепілдік бойынша қызмет
алу үшін өнімді сатып алған жерге қайтарыңыз (мəселенің жазбаша
сипаттасымен жəне баспа үлгілерімен бірге) немесе HP тұтынушыларға қолдау көрсету
қызметіне хабарласыңыз. HP ұйғарымы бойынша, HP не кемшілік шыққан өнімдерді ауыстырып
береді, не сатып алған құнын қайтарып береді.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДƏРЕЖЕДЕ, ЖОҒАРЫДА БЕРІЛГЕН КЕПІЛДІК
ЕРЕКШЕ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ ЖƏНЕ ЕШҚАНДАЙ БАСҚА АУЫЗША НЕ ЖАЗБАША КЕПІЛДІК
БЕРІЛМЕЙДІ НЕМЕСЕ МЕҢЗЕЛМЕЙДІ, СОНДАЙ-АҚ, ƏСІРЕСЕ, HP ҚАНДАЙ ДА БІР САТУҒА
ЖАРАМДЫЛЫҚ, ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ САПА ЖƏНЕ ҚАНДАЙ ДА БІР МАҚСАТҚА ЖАРАМДЫЛЫҚ
ТУРАЛЫ ЖАНАМА КЕПІЛДІКТЕР МЕН ШАРТТАРДАН БАС ТАРТАДЫ.
ЖЕРГІЛІКТІ ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛЕТІН ДƏРЕЖЕДЕ, HP НЕМЕСЕ ОНЫҢ
ЖАБДЫҚТАУШЫЛАРЫ ЕШБІР ЖАҒДАЙДА ДА КЕЛІСІМ-ШАРТҚА, АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚ
БҰЗУШЫЛЫҚҚА НЕМЕСЕ БАСҚАҒА НЕГІЗДЕЛГЕНІНЕ ҚАРАМАСТАН ТІКЕЛЕЙ, НАҚТЫ,
ЖАНАМА, ТІКЕЛЕЙ ЕМЕС (СОНЫҢ
ІШІНДЕ ЖОҒАЛҒАН ПАЙДА МЕН ДЕРЕКТЕР) НЕМЕСЕ
БАСҚА ДА ЗИЯН ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙДЫ.
ОСЫ МƏЛІМДЕМЕДЕГІ КЕПІЛДІК ШАРТТАРЫ, ЗАҢ БОЙЫНША РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН ДƏРЕЖЕДЕН
БАСҚА РЕТТЕРДЕ, ОСЫ БҰЙЫМНЫҢ СІЗГЕ САТЫЛУЫНА ҚОЛДАНЫЛАТЫН МІНДЕТТІ ЗАҢДЫ
ҚҰҚЫҚТАРДЫ ЖОҚҚА ШЫҒАРМАЙДЫ, ШЕКТЕМЕЙДІ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТПЕЙДІ ЖƏНЕ
ТОЛЫҚТЫРМАЙДЫ.
270 Қосымша B Қызмет көрсету жəне қолдау KKWW