HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Тұтынушылардың өзі жөндеуіне кепілдік беру қызметі
HP өнімдері жөндеу уақытын азайту жəне ақаулы бөлшектерді ауыстыру кезінде икемділікті
арттыру үшін көптеген тұтынушылардың өздері жөндей алатын (CSR) бөлшектермен
жабдықталған. Диагностика кезеңінде HP компаниясы жөндеуді CSR бөлшегінің көмегімен
орындауға болатынын анықтаған жағдайда HP бұл бөлшекті ауыстыру үшін тікелей сізге
жолдайды. CSR бөлшектерінің екі түрлі санаты бар: 1) Тұтынушылардың өздері ауыстыруы
міндетті бөлшектер. Егер HP компаниясынан осы бөлшектерді ауыстыруын сұрасаңыз, сізден
тасымалдау жəне осы қызметті көрсету кезінде істелген жұмыс үшін ақы алынады. 1)
Тұтынушылардың өздері ауыстыруы міндетті емес бөлшектер. Бұл бөлшектер тұтынушылардың
өздерінің жөндеуіне арнаған. Алайда, HP компаниясынан оларды сіз үшін ауыстырып талап
етсеңіз, бұл өніміңізге арналған кепілді қызмет түрі ретінде ешбір қосымша ақысыз орындалуы
мүмкін.
Қолда бар болуы мен географиялық мүмкіндіктерге қарай, CSR бөлшектері келесі
жұмыс күні
жөнелтіледі. Бір күнде немесе төрт сағатта жеткізу географиялық мүмкіндіктерге қарай қосымша
ақы үшін ұсынылуы мүмкін. Жəрдем қажет болса, HP Техникалық қолдау орталығына
хабарласып, техникалық маманнан телефон арқылы көмек алуыңызға болады. HP
ауыстырылатын CSR бөлшегімен бірге жеткізілген материалдарда ақаулы бөлшектің HP
компаниясына қайтарылатынын не қайтарылмайтынын көрсетеді. Ақаулы бөлшекті HP
компаниясына қайтару қажет болған жағдайда, ақаулы бөлшекті HP
компаниясына белгілі бір
мерзім ішінде, əдетте бес (5) жұмыс күні ішінде жіберуіңіз керек. Ақаулы бөлшек берілген
тасымалдау материалының ішіндегі ілеспе құжаттармен бірге қайтарылуға тиіс. Ақаулы бөлшекті
қайтармаған жағдайда HP сізден ауыстырып бергені үшін ақы алуы мүмкін. Тұтынушылардың
өздері жөндеуі қызметі аясында HP барлық тасымалдау жəне бөлшекті қайтару ақысын төлейді
жəне пайдаланылатын курьерді/тасымалдаушыны анықтайды.
KKWW Тұтынушылардың өзі
жөндеуіне кепілдік беру қызметі 269