HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Өнім аты, IP адресі немесе Rendezvous не Bonjour хост аты Принтер Баптау Утилитасындағы принтерлер тізіміне
шықпайды.
Себеп
Шешім
Өнім дайын болмауы мүмкін. Кабельдердің дұрыс жалғанғанына, өнімнің қосулы жəне дайын
шамының қосулы екендігіне көз жеткізіңіз. Егер сіз USB немесе
Ethernet хабы арқылы жалғасаңыз, компьютерге тікелей жалғап
көріңіз немесе басқа портты пайдаланыңыз.
Қате өнім аты, IP адресі немесе Rendezvous немесе Bonjour хост
аты пайдаланылуда.
Өнім атын, IP адресін немесе Rendezvous не Bonjour хост атын
конфигурация бетін басып шығару арқылы тексеріңіз
Ақпараттық
беттер 184-бетте қараңыз. Конфигурация бетіндегі аттың, IP
адресінің немесе Rendezvous не Bonjour хост атының Принтер
Баптау Утилитасындағы өнім атына, IP адресіне немесе
Rendezvous не Bonjour хост атына сəйкес келетінін тексеріңіз.
Интерфейс кабелі ақаулы немесе сапасы төмен болуы мүмкін. Интерфейс кабелін ауыстырыңыз. Жоғары сапалы кабельді
пайдалануды ұмытпаңыз.
Баспа тапсырмасы сізге керекті принтерге жіберілмеді.
Себеп
Шешім
Баспа кезегі тоқтатылған болуы мүмкін. Баспа кезегін ашыңыз, содан кейін Start Jobs (Тапсырмаларды
бастау) таңдаңыз.
Қате өнім аты немесе IP адресі пайдаланылуда. Аты, IP адресі
немесе Rendezvous не Bonjour хост аты бір немесе ұқсас басқа
өнім баспа тапсырмаңызды қабылдап қойған болар.
Өнім атын, IP адресін немесе Rendezvous не Bonjour хост атын
конфигурация бетін басып шығару арқылы тексеріңіз
Ақпараттық
беттер 184-бетте қараңыз. Конфигурация бетіндегі аттың, IP
адресінің немесе Rendezvous не Bonjour хост атының Принтер
Баптау Утилитасындағы өнім атына, IP адресіне немесе
Rendezvous не Bonjour хост атына сəйкес келетінін тексеріңіз.
Капсуладағы PostScript (EPS) файлы дұрыс қаріптермен басылып шықпайды.
Себеп
Шешім
Бұл ақаулық кейбір бағдарламаларда пайда болады.
●
Басып шығарардың алдында EPS файлындағы қаріптерді
өнімге жүктеп көріңіз.
●
Қосарланған кодтың орнына ASCII форматындағы файлды
жіберіңіз.
Сіз үшінші тараптың USB картасынан басып шығара алмайсыз.
Себеп
Шешім
Бұл қате USB принтерлерінің бағдарламалық құралы
орнатылмаған кезде пайда болады.
Үшінші тараптың USB картасын қосқан кезде сіз USB адаптері
картасына қолдау көрсететін Apple бағдарламалық құралын
қажет етуіңіз мүмкін. Бұл бағдарламалық құралдың ең жаңа
нұсқасын Apple веб-сайтынан алуға болады.
Кесте 12-3 Mac OS X v10.3 жəне Mac OS X v10.4 қатысты мəселелер (жалғасы)
258 Бап 12 Мəселелерді шешу KKWW