HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Бағдарламалық құралға қатысты мəселелерді шешіңіз.
Жалпы кездесетін Windows жүйесіндегі мəселелер
Қателік туралы хабарлама:
"General Protection FaultException OE" («Жалпы қорғаныстың бұзылуыЕрекшелік OE»)
«Spool32»
"Illegal Operation" («Заңсыз операция»)
Себеп
Шешім
Барлық бағдарламаларды жауып, Windows қайтадан
қосып, əрекетті қайталаңыз.
Басқа бір принтер драйверін таңдаңыз. Егер құрылғының
PCL 6 принтер драйвері таңдалған болса, бағдарламаның
ішінде PCL 5 немесе HP postscript 3-саты эмуляциясы
принтер драйверіне ауысыңыз.
Temp шағын каталогындағы барлық уақытша файлдарды
жойыңыз. AUTOEXEC.BAT файлын ашып, «Set Temp =»
операторын іздеу арқылы каталогтың атауын анықтаңыз.
Осы оператордан кейінгі атау Temp каталогы болып
табылады. Ол əдепкі мəн бойынша C:\TEMP болады, бірақ
қайтадан анықталуы мүмкін.
Windows қателік туралы хабарламалар жайлы қосымша
ақпарат алу үшін компьютермен бірге келген Microsoft
Windows құжаттамасын қараңыз.
Macintosh жүйесінде жиі кездесетін мəселелерді шешіңіз.
Кесте 12-3 Mac OS X v10.3 жəне Mac OS X v10.4 қатысты мəселелер
Принтер драйвері Принтер Баптау Утилита тізімінде берілмеген.
Себеп
Шешім
Өнімнің бағдарламалық құралы орнатылмаған болар немесе
дұрыс орнатылмаған.
PPD файлының төмендегі қатты диск папкасында екеніне көз
жеткізіңіз. Library/Printers/PPDs/Contents/Resources/
<lang>.lproj (Кітапхана/Принтерлер/PPD файлдары/
Ресурстар/<тіл>.жжоба), мұндағы «<тіл>» - пайдаланып отырған
тіліңіздің екі əріпті тілдік коды. Қажет болса, бағдарламалық
құралды қайта орнатыңыз. Нұсқауларды алғашқы іске қосу
жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз.
Postscript Printer Description (PPD) (PostScript принтер
сипаттамалары) файлы бүлінген.
PPD файлын төмендегі қатты диск папкасынан жойыңыз:
Library/Printers/PPDs/Contents/Resources/
<lang>.lproj (Кітапхана/Принтерлер/PPD файлдары/
Ресурстар/<тіл>.жжоба), мұндағы «<тіл>» - пайдаланып отырған
тіліңіздің екі əріпті тілдік коды. Бағдарламалық құралды қайта
орнатыңыз. Нұсқауларды алғашқы іске қосу жөніндегі
нұсқаулықтан қараңыз.
KKWW Бағдарламалық құралға қатысты мəселелерді шешіңіз.257