HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Желімен байланыс мəселелерін шешіңіз
Өнімнің желімен байланысып тұрғанына көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз. Бұл
ақпарат сіздің желі конфигурациясына арналған бетті басып шығарғаныңызды мəлімдейді
(
Ақпараттық беттер 184-бетте қараңыз).
1. Жұмыс станциясы немесе файл сервері мен өнімнің арасында физикалық жалғауға қатысты
мəселелер бар ма?
Желі кабелінің, жалғаудың жəне маршрутизатор конфигурацияларының дұрыс екенін
тексеріңіз. Желі кабелі ұзындықтарының желінің ерекшеліктеріне сай келетінін тексеріңіз.
2. Желі кабельдері дұрыс жалғанған ба?
Өнімнің желіге сəйкес келетін порт жəне кабель арқылы жалғанғанына көз жеткізіңіз. Қауіпсіз
жəне
дұрыс орында екеніне көз жеткізу үшін əрбір кабельдің жалғауын тексеріңіз. Егер
мəселе шешілмесе, хабтағы немесе трансивердегі басқа кабельді немесе порттарды көріңіз.
Өнімнің артындағы порт ұясының жанындағы сары түсті жұмыс индикаторы мен жасыл түсті
байланыс мəртебесінің шамы жану керек.
3. Өнімнің байланыс жылдамдығы мен екі жақты байланыс параметрлері дұрыс қойылған ба?
Hewlett-Packard бұл параметрді
автоматты режимде қалдыруды ұсынады (стандартты
параметр).
4. Сіз өнімнің IP адресіне ақпаратты жібере аласыз ба?
Компьютердегі ақпаратты өнімге жіберу үшін команда енгізетін шақыруды пайдаланыңыз.
Мысалы:
192.168.45.39 ақпарат жіберу
Ақпарат жіберудің айналым кезеңін көрсететініне көз жеткізіңіз.
Егер сіз ақпаратты өнімге жібере алсаңыз, өнімге арналған IP адресінің конфигурациясы
компьютерде дұрыс екенін тексеріңіз. Егер дұрыс болса, жойыңыз, содан
кейін өнімді
қайтадан қосыңыз.
Егер ақпарат жіберу командасы орындалмаса, желілік хабтардың қосулы екенін тексеріңіз,
содан кейін желі параметрлерінің, өнімнің жəне компьютердің бір желіге
конфигурацияланғанын тексеріңіз.
5. Қандай да бір бағдарламалық құрал желіге қосылды ма?
Олардың үйлесетініне жəне олардың тиісті принтер драйверлерінің көмегімен дұрыс
орнатылғанына көз жеткізіңіз.
6. Басқа қолданушылар басып шығара ала ма
?
Ақаулық жұмыс станциясына қатысты болуы мүмкін. Жұмыс станциясының желілік
драйверлерін, принтер драйверлерін жəне басқа жаққа бағыттауды тексеріңіз.
7. Басқа қолданушылар басып шығара алмаса, олар сол желінің операциялық жүйесін
пайдаланып отыр ма?
Желінің операциялық жүйесін орнату үшін жүйеңізді тексеріңіз.
8. Протоколыңыз қосылған ба?
KKWW Жалғауға қатысты мəселелер 255