HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Жалғауға қатысты мəселелер
Тікелей жалғауға қатысты мəселелерді шешіңіз.
Компьютерге тікелей жалғанған құрылғыда жалғауға қатысты мəселелерге пайда болса,
төмендегі қадамдарды аяқтаңыз:
1. USB кабелінің 2 метрден (6 футтан) ұзын еместігіне көз жеткізіңіз.
2. USB кабелінің екі ұшының жалғанғанына көз жеткізіңіз.
3. Кабельдің USB 2.0 Жоғары Жылдамдықты сертификатталған кабель екеніне көз жеткізіңіз.
4. Егер қате жойылмаса, басқа USB кабелін пайдаланыңыз.
Желіге қатысты мəселелер
Өнімнің қосылғанын жəне онлайн режимінде екенін тексеріңіз.
Өнімнің басып шығаруға дайын екеніне көз жеткізу үшін төмендегі тармақтарды тексеріңіз.
1. Өнім жалғанған жəне қосылған ба?
Өнімнің жалғанғанына жəне қосылғанына көз жеткізіңіз. Егер қате жойылмаса, сіздегі қорек
кабелі, қуат көзі немесе өнім ақаулы болуы мүмкін.
2. Өнімнің Ready (Дайын) шамы жанып тұр ма?
Егер шам жыпылықтап тұрса, ағымдағы тапсырма аяқталғанша, сізге
күте тұру қажет болуы
мүмкін.
3. Өнімнің басқару панелінің дисплейінде ештеңе жоқ па?
●
Өнімнің қосылғанына көз жеткізіңіз.
●
Өнімнің дұрыс орнатылғанына көз жеткізіңіз.
4. Өнімнің басқару панелінің дисплейіне Ready (Дайын) басқа хабар шыға ма?
●
Басқару панеліндегі хабарлар мен түзету əрекеттеріне арналған өнімнің құжаттамасын
қарап шығыңыз.
254 Бап 12 Мəселелерді шешу KKWW