HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Мəселе Себебі Шешу
Беттің жоғарғы жағына
шығатын (қою қара) бейне
беттің төменгі жағында (сұр
фонда) қайталанады.
Бағдарламалық құрал параметрлері
бейненің басылып шығуына əсер етуі
мүмкін.
Бағдарламалық құралыңызда
қайталанбалы бейнелер шығатын өрістің
түс реңкін (қоюлығын) өзгертіңіз.
Бағдарламалық құралыңызда ашықтау
бейнені бірінші басып шығару үшін тұтас
бетті 180°-қа айналдырыңыз.
Басылған беттердің реті баспаға əсер етуі
мүмкін.
Бейнелер басылып шығатын ретті
өзгертіңіз. Мысалы, ашықтау бейнені
беттің жоғарғы жағына, ал қоюлау
бейнені беттің төменгі жағына
орналастырыңыз.
Электр қуатының ауытқуы өнімге əсер
еткен болар.
Егер ақаулық баспа тапсырмасында
кейінірек орын алса, өнімді 10 минутқа
өшіріңіз, содан кейін баспа тапсырмасын
қайта іске қосу үшін өнімді қосыңыз.
Баспа құралын қолдануға қатысты мəселелер
Өнімде баспа құралын қолдануға қатысты мəселелер пайда болғанда, осы бөлімдегі ақпаратты
пайдаланыңыз.
Баспа құралына қатысты нұсқаулар
●
Жақсы нəтижелерге қол жеткізу үшін қағаз сапасының жақсы екендігіне жəне кесілмегеніне,
кертік салынбағанына, жыртылмағанына, өте жұқа, шаң еместігіне, мыжылмағанына,
жарамсыз еместігіне, қапсырмалардың жоқтығына жəне шеттерінің бұралып немесе
бүктеліп қалмағанына көз жеткізіңіз.
●
Жақсы сапалы баспа үшін
жылтыр бетті қағазды пайдаланыңыз. Негізінен, жылтыр баспа
құралдары жақсы нəтиже береді. .
●
Егер сіз қағаздың қандай түрін (жоғары сортты немесе екінші сортты) салып жатқаныңызға
сенімсіз болсаңыз, қағаз қорабындағы жапсырманы тексеріңіз.
●
Сиялы принтерлерге ғана арналған баспа құралдарын пайдаланыңыз. Лазер принтерлеріне
арналған баспа құралдарын пайдаланыңыз.
●
Термографияның кейбір түрлеріне қолданылатын қағаздар сияқты төмен температуралы
сиямен
басылып шығатын бланкты пайдаланбаңыз.
●
Бедерлі немесе бұдырлы бланкты пайдаланбаңыз.
●
Өнім тонерді қағазға ерітіп жұққызу үшін қызу мен қысым қолданады. Кез келген түрлі түсті
қағаздың немесе басылған бланктардың термофиксатордың температурасымен
(0,1 секундына 200 °C) үйлесетін сияларды қолданатынына көз жеткізіңіз.
ЕСКЕРТУ: Бұл нұсқауларды орындамау салдарынан кептелудің орын алуы немесе өнімге
зақым келуі мүмкін.
Баспа құралына қатысты мəселелерді шешіңіз.
Баспа құралына қатысты төмендегі мəселелер баспа сапасының ауытқуына, қағаздың кептелуіне
немесе өнімнің біртіндеп бұзылуына себепші болады.
KKWW Бейне сапасына қатысты мəселелерді шешу 239