HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Басқару панелінің мəзірлері
Басқару панелінің мəзірлерін пайдаланыңыз
Басқару панелінің мəзірлеріне кіру үшін мына қадамдарды пайдаланыңыз.
1. Setup (Орнату) басыңыз.
2. Тізімдерде жылжу үшін бағыт көрсеткіш батырмаларды пайдаланыңыз.
●
Сəйкес параметрді таңдау үшін OK батырмасын басыңыз.
●
Əрекеттен бас тарту үшін немесе Дайын күйіне оралу үшін Cancel (Тоқтату) батырмасын
басыңыз.
Басқару панелінің негізгі мəзірлері
Бұл мəзірлерді басқару панелінің негізгі мəзірінен пайдалануға болады:
●
Жіберуді күтіп тұрған немесе қабылданған, бірақ басып шығаруды күтіп тұрған, жіберілген
немесе компьютерге жүктелген барлық факстардың тізімін көрсету үшін Fax Job (Факс
тапсырмасының жағдайы) мəзірін пайдаланыңыз.
●
Fax (Факс) функцияларыкейінге қалдырылған факсты жіберуді жоспарлау, Receive to PC
(Компьютерге қабылдау) режимінен бас тарту, бұрын басып шығарылған факстарды қайта
басып шығару немесе жадта сақталған факстарды басып шығару сияқты факс
функцияларын конфигурациялау үшін мəзірін пайдаланыңыз.
●
Қарама-қарсылық, тексеру немесе басып шығарылатын көшірмелер саны сияқты көшірудің
негізгі стандартты параметрлерін конфигурациялау үшін Copy setup (Көшірме орнату)
мəзірін пайдаланыңыз.
●
Reports (Есеп берулер) мəзірін өнім туралы мəліметтер беретін есептерді басып шығару
үшін пайдаланыңыз.
●
Факс телефон кітабын,
жіберілген жəне келген факс опцияларын жəне барлық факстардың
негізгі параметрлерін конфигурациялау үшін Fax (Факс) мəзірін пайдаланыңыз.
●
Тіл, баспа сапасы немесе дыбыс деңгейі сияқты өнімнің негізгі параметрлерін орнату үшін
System setup (Жүйені орнату) мəзірін пайдаланыңыз.
●
TCP/IP конфигурациясы сияқты желі параметрлерін конфигурациялау үшін Network config
(Желі конфигурациясы) мəзірін пайдаланыңыз.
●
Стандартты параметрлерді қалпына келтіру үшін,
өнімді тазалау үшін жəне басып шығаруға
əсер ететін арнаулы режимдерді қосу үшін Service (Қызмет) мəзірін пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Тұтас басқару панелі мəзірінің жəне оның құрылымының толық тізімін басып шығару
үшін мəзір картасын басып шығарыңыз.
Ақпараттық беттер 184-бетте қараңыз.
Кесте 2-1 Fax Job (Факс тапсырмасының жағдайы) мəзірі
Мəзір тармағы Сипаттама
Fax Job (Факс
тапсырмасының
жағдайы)
Орындалмаған факс тапсырмаларын көрсетеді жəне орындалмаған факс
тапсырмаларынан бас тартуға мүмкіндік береді.
KKWW Басқару панелінің мəзірлері 13