HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Бейне сапасына қатысты мəселелерді шешу
Баспаға қатысты мəселелер
Баспа сапасына қатысты мəселелер
Кей жағдайларда сіз баспа сапасына қатысты мəселелерге тап болуыңыз мүмкін. Келесі
бөлімдердегі ақпарат бұл мəселелерді анықтап, шешімін табуға көмектеседі.
ЕСКЕРІМ: Егер сізде көшірмеге қатысты мəселелер туындаса, Көшірмеге қатысты
мəселелер 243-бетте қараңыз.
Баспа сапасына қатысты негізгі мəселелер
Төмендегі үлгілерде өнімнің қысқа жиегімен бірінші өтетін хат қағаз бейнеленеді. Мына үлгілер
басып шығаратын барлық беттерге əсер ететін мəселелерді бейнелейді. Артынан келетін
тақырыптардың тізіміне осы мəселелердің əрқайсысының əдеттегі себебі мен шешімі кіреді.
Мəселе Себебі Шешу
Баспа ақшыл немесе түсі
əлсіреген.
Баспа құралы HP техникалық
сипаттамасына сай келмейді.
HP техникалық сипаттамасына сай
келетін баспа құралын пайдаланыңыз.
Қағаз жəне баспа құралдары 59-бетте
қараңыз.
Баспа картриджі ақаулы болуы мүмкін.
Егер сіз HP емес баспа картриджін
пайдалансаңыз, өнімнің басқару панеліне
немесе HP ToolboxFX ешқандай хабар
шықпайды.
Баспа картриджін ауыстырыңыз. Баспа
картридждері 201-бетте қараңыз.
Егер баспа картриджінің сиясы аз немесе
бос болса, біліктің бүлінген-бүлінбегенін
көру үшін тонердің білігін тексеріңіз. Егер
солай болса, баспа картриджін
ауыстырыңыз.
Егер бүкіл бет ақшыл түсті болып шықса,
баспа тығыздығы тым ақшыл болып
белгіленген немесе EconoMode (Үнемдеу
режимі) қосылып қалған болуы мүмкін.
Баспа тығыздығын реттеңіз де өнімнің
Қасиеттеріндегі EconoMode (Үнемдеу
режимін) өшіріңіз.
Тонер дақтары пайда болуда. Баспа құралы HP техникалық
сипаттамасына сай келмейді.
HP техникалық сипаттамасына сай
келетін баспа құралын пайдаланыңыз.
Қағаз жəне баспа құралдары 59-бетте
қараңыз.
Қағаз жолы тазалауды қажет етуі мүмкін. Қағаз жолын тазалаңыз. Қағаз жолын
тазалаңыз. 204-бетте қараңыз, немесе
онлайн анықтамасына HP ToolboxFX
қараңыз.
234 Бап 12 Мəселелерді шешу KKWW