HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

4. Қапсырмалар кассетасын ауыстырыңыз.
5. Степлер есігін жабыңыз, содан кейін өнімді қосыңыз.
6. Электрлі степлер тексеру үшін баспа құралын салыңыз. Қажет болса, 1-ден 6-ға дейінгі
қадамдарды қайталаңыз.
Қағаздардың қайталап кептелуіне жол бермеңіз
Кіріс науасының толмағанын тексеріңіз. Кіріс науасының сыйымдылығы қолданып отырған
баспа құралының түріне қарай өзгереді.
Баспа құралын реттегіштердің дұрыс қойылғанын тексеріңіз.
Кіріс науасының орнында нық тұрғанын тексеріңіз.
Өнім басып шығарып жатқанда кіріс науасына баспа құралын қоспаңыз.
Тек HP компаниясы ұсынған баспа құралдарының түрлері мен өлшемдерін пайдаланыңыз.
Баспа құралдарының түрлері туралы толық
ақпарат алу үшін Қағаз жəне баспа
құралдары 59-бетте қараңыз.
Науаға салғанша баспа құралдарын парақтамаңыз. Бума қағаздың арасын ашу үшін екі
қолыңызбен мықтап ұстаңыз да қолдарыңызбен кері бағытқа қарай бұрау арқылы
қайырыңыз.
Баспа құралдарының шығыс қалтасында бірінен кейін бірі орналасуына мүмкіндік бермеңіз.
Қолданылатын баспа құралының түрі жəне тонердің мөлшері шығыс қалтасының
сыйымдылығына əсер етеді.
Қуат көзіне жалғанғанын тексеріңіз. Электр
сымының өнім мен қуат көзіне берік
жалғанғанына көз жеткізіңіз. Электр сымын жерге қосылған электр розеткасына жалғаңыз.
KKWW Кептелулерден тазалаңыз 233