HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Баспа картриджінің аймағын кептелуден тазалаңыз
ЕСКЕРТУ: Кептелуді алу үшін пинцет немесе үшкір басты кемпірауыз секілді үшкір заттарды
пайдаланбаңыз. Үшкір заттардан пайда болған зақым кепілдікте қамтылмаған.
Кептелген баспа құралын алғанда, кептелген баспа құралын өнімнен тіке тартыңыз. Кептелген
баспа құралын қандай да бір бұрышпен тартудан өнімге зақым келуі мүмкін.
1. Баспа картриджінің есігін ашыңыз да баспа картриджін шығарыңыз.
ЕСКЕРТУ: Баспа картриджіне зақым келтіріп алмау үшін оны жарық көзіне сирек
шығарыңыз.
2. Құрылғыдағы артқы шығыс есігін ашыңыз, содан кейін қысым босататын жасыл рычагтарды
төмен қарай бұраңыз.
3. Екі қолыңызбен баспа құралының көрініп тұрған жерінен (ортасынан да) ұстап, өнімнен
абайлап еркін тартыңыз.
KKWW Кептелулерден тазалаңыз 231