HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Дуплексерді кептелуден тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Кептелуді алу үшін пинцет немесе үшкір басты кемпірауыз секілді үшкір заттарды
пайдаланбаңыз. Үшкір заттардан пайда болған зақым кепілдікте қамтылмаған.
Кептелген баспа құралын алғанда, кептелген баспа құралын өнімнен тіке тартыңыз. Кептелген
баспа құралын қандай да бір бұрышпен тартудан өнімге зақым келуі мүмкін.
ЕСКЕРІМ: Қағаздың кептелген орнына байланысты мына қадамдардың кейбірі қажетсіз болуы
мүмкін.
1. Артқы шығыс есігін ашыңыз.
2. Қысым босататын жасыл рычагтарды төмен қарай бұраңыз.
3. 2-науаны шығарыңыз.
4. Өнімнің алдындағы автоматты баспа жолы есігіндегі жасыл рычагты басыңыз.
KKWW Кептелулерден тазалаңыз 227