HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
8. Жасыл тұтқаны төмен басыңыз.
9. Суретте көрсетілген ретпен кигізу арқылы тазалайтын бөлікті орнына салыңыз. Бөлік орнына
кигізілгенше, екі құлақшадан басыңыз. Тазалайтын бөлікті дұрыстап кигізіңіз, себебі
тазалайтын бөлік дұрыс салынбаса, алдағы уақытта қағаздың тағы кептелуі мүмкін.
10. ADF құрылғысының қақпағын жабыңыз.
Кіріс науасының аймақтарын кептелуден тазалаңыз.
ЕСКЕРТУ: Кептелуді алу үшін пинцет немесе үшкір басты кемпірауыз секілді үшкір заттарды
пайдаланбаңыз. Үшкір заттардан пайда болған зақым кепілдікте қамтылмаған.
Кептелген баспа құралын алғанда, кептелген баспа құралын өнімнен тіке тартыңыз. Кептелген
баспа құралын қандай да бір бұрышпен тартудан өнімге зақым келуі мүмкін.
224 Бап 12 Мəселелерді шешу KKWW