HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Кептелулерден тазалаңыз
Кептелу себептері
Байқаусызда, басып шығару тапсырмасы кезінде қағаздың немесе басқа баспа құралының
кептеліп қалуы мүмкін. Кейбір себептер мына жағдайларды қамтиды:
Кіріс науаларына дұрыс салынбаған немесе толып кеткен, немесе баспа құралын
реттегіштер дұрыс қойылмаған.
Баспа тапсырмасы кезінде кіріс науасына баспа құралы қосылды немесе одан алынды
немесе баспа тапсырмасы кезінде өнімнен кіріс науасы шешілді.
Баспа
тапсырмасы кезінде картридждің есігі ашылды.
Шығатын жерде қағаз тым көп жиналған, немесе шығатын жерде қағаздар кедергі жасап тұр.
Пайдалынылып отырған баспа құралы HP техникалық сипаттамасына сай келмейді.
Қағаз
жəне баспа құралдары 59-бетте қараңыз.
Баспа құралы бүлінген немесе оған қапсырмалар немесе қысқыштар секілді бөтен заттар
қыстырылған.
Баспа құралы сақталған орта тым ылғалды немесе тым құрғақ.
Қағаз жəне баспа
құралдары 59-бетте қараңыз.
Кептелуді қайдан іздеу керек
Қағаз мына орындарда кептелуі мүмкін:
Құжатты автоматты беру құрылғысында (ADF)
Кіріс аймақтарында
Автоматты дуплексерде
Шығыс аймақтарында
Өнімнің ішінде
Мына беттердегі нұсқауларды қолдана отырып кептелуді тауып шығарыңыз. Егер кептелу орны
анықталмаса, алдымен өнімнің ішін қараңыз.
Кептелуден кейін тонердің босап қалуы мүмкін. Біраз қағаз басылып шыққаннан кейін бұл мəселе
өздігінен шешіледі.
ADF құрылғысын кептелуден тазалаңыз.
Байқаусызда тапсырманы факспен жіберу, көшіру немесе сканерлеу кезінде баспа құралының
кептеліп қалуы мүмкін.
KKWW Кептелулерден тазалаңыз 221