HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Қадам
нөмірі
Тексеріс қадамы Ықтимал мəселелер Шешу жолдары
5 Өнім факс жібере ме?
Тональді теру режимінің бар
екенін (қажет болса, тұтқа
арқылы) тексеру үшін Start
Fax (Факсты бастау)
басыңыз. Факс жіберіп
көріңіз.
Телефон желісі істемейді немесе өнім
телефон желісіне жалғанбаған.
Өнімнің өзіңіз істеп тұрғанын білетін
телефон желісіне жалғанғанын
тексеріңіз.
Телефон сымы бүлінген немесе басқа
ағытпаға жалғанған.
1. Телефон сымын басқа ағытпаға
жалғап көріңіз.
2. Жаңа телефон сымын байқап
көріңіз.
6 Өнім факс жібере ме?
Егер мүмкін болса, осы
өнімге факс жіберу үшін
басқа факсимильді
аппаратты пайдаланыңыз.
Тым көп телефон құрылғылары жалғанған
немесе телефон құрылғылары дұрыс
ретпен жалғанбаған.
HP LaserJet M2727 көп функциялы
принтерінің телефон желісіндегі жалғыз
екеніне көз жеткізіңіз, содан кейін факсты
тағы қабылдап көріңіз.
Өнімнің факс параметрлері дұрыс
қойылмаған.
Өнімнің факс параметрлерін қайта
қараңыз да зауыттық мəндерін қалпына
келтіріңіз.
Факс параметрлерін
өзгертіңіз 138-бетте қараңыз.
7 Өнім компьютер арқылы
басып шығара ма?
Баспа тапсырмасын өнімге
жіберу үшін мəтіндерді өңдеу
бағдарламасын
пайдаланыңыз.
Бағдарламалық құрал дұрыс
орнатылмаған немесе бағдарламалық
құралды орнатар кезде қате пайда болған.
Өнімнің бағдарламалық құралын
жойыңыз, содан кейін қайта орнатыңыз.
Дұрыс орнату процедурасын жəне дұрыс
порт параметрін қолданып
отырғаныңызды тексеріңіз.
Кабель дұрыс жалғанбаған. Кабельді қайта жалғаңыз.
Дұрыс драйвер таңдалмаған. Дұрыс драйверді таңдаңыз.
Microsoft Windows жүйесінде порт
драйверіне қатысты мəселе туындаған.
Өнімнің бағдарламалық құралын
жойыңыз, содан кейін қайта орнатыңыз.
Дұрыс орнату процедурасын жəне дұрыс
порт параметрін қолданып
отырғаныңызды тексеріңіз.
8 Өнім материалды
компьютерге сканерлей
ме?
Компьютеріңіздегі негізгі
жұмыс үстелі
бағдарламасынан
сканерлеуді бастаңыз.
Кабель дұрыс жалғанбаған. Кабельді қайта жалғаңыз.
Бағдарламалық құрал дұрыс
орнатылмаған немесе бағдарламалық
құралды орнатар кезде қате пайда болған.
Өнімнің бағдарламалық құралын
жойыңыз, содан кейін қайта орнатыңыз.
Дұрыс орнату процедурасын жəне дұрыс
порт параметрін қолданып
отырғаныңызды тексеріңіз.
Егер қате жойылмаса, өнімді өшіріңіз, содан кейін өнімді қосыңыз.
KKWW Мəселелерді шешу тізімі 211