HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

4. Жасыл тұтқалы жинақты төмен түсіріп, ADF қақпағын жабыңыз.
ЕСКЕРІМ: Егер ADF құрылғысында қағаз кептеліп қалса, HP орталығымен хабарласыңыз.
www.hp.com/support/LJM2727 немесе өнімнің қорабында келетін көмекші анықтамалықты
қараңыз.
5. Өнімді қуат көзіне жалғаңыз, содан кейін өнімді қосыңыз.
Қақпақасты қабатты тазалаңыз
Кішкентай сынықтардың өнім қақпағының астында орналасқан ақ бетті қақпақасты қабатына
жиналуы мүмкін.
1. Өнімді өшіріп, электр сымын суырыңыз да қақпақты көтеріңіз.
2. Жылы сабын сумен суланған жұмсақ шүберекпен немесе губкамен ақ бетті қақпақасты
қабатты тазалаңыз. Сынықтардан тазарту үшін қабатты ақырындап жуыңыз; негізді
қырмаңыз.
3. Сондай-ақ, ADF құрылғысының сканер шынысының жанындағы сканерлеуші жолды
тазалаңыз.
4. Қабатты күдерімен немесе жұмсақ шүберекпен құрғатыңыз.
206 Бап 11 Өнімді басқару жəне күту KKWW