HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Жабдықты жатқызып сақтаңыз.
Жабдықты қараңғы, құрғақ жерде, жылу жəне электрмагниттік сəуле шашу көздерінен аулақ
сақтаңыз.
HP компаниясынң HP -емес жадықтарға қатысты саясаты
Hewlett-Packard Компаниясы жаңа немесе қайта өңделген HP -емес жадықтарды пайдаланбауды
ұсынады. Олар HP -емес жадықтар болып табылғандықтан, HP компаниясы олардың жасалуына
əсер етіп, сапасын бақылай алмайды. HP -емес жадықтарды пайдалану салдарынан қажет
етілген қызмет немесе жөндеу жұмыстары кепілдікпен қамтылмайды.
Алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін HP жедел байланыс желісі
Өнім немесе HP ToolboxFX баспа картриджінің HP -емес баспа картриджі екендігін көрсетсе жəне
сіз оның шынайы екендігіне сенімді болған жағдайда алдау оқиғасы жөнінде хабарлау үшін
HP жедел байланыс желісі бойынша хабарласыңыз. HP компаниясы өнімнің шынайы екендігін
анықтауға жəне мəселені шешу қадамдарын сілтеуде көмектеседі.
Баспа картриджі төмендегідей мəселелерге тап болған жағдайларда шынайы HP өнімі болмауы
мүмкін:
Сіз баспа картриджін
пайдалану барысында көптеген қиыншылықтарға тап болдыңыз.
Баспа картриджі түрі үйреншікті түрінен өзгеше (мысалы, тартып алынатын жапсырмасы
немесе қорабы өзгеше).
Америка рама Штаттарында, тегін хабарласыңыз: 1-877-219-3183.
Америка рама Штаттарынан тыс жерде, сіз ақылы абонент ретінде хабарласа аласыз.
Оператормен байланысып, келесі телефон нөміріне абонент есебінен хабарласыңыз:
1-770-263-4745. Егер сіз ағылшынша сөйлемесеңіз, сізге алдау оқиғасы
жөнінде хабарлау үшін
HP жедел байланыс желісінің сіздің тіліңізде сөйлейтін өкілі көмектеседі. Немесе, сіздің тіліңізде
сөйлейтін ешкім болмай қалған жағдайда, тіл желісінің аудармашысы қоңырау шалғаннан кейін
мөлшермен бір минут ішінде сізбен байланысқа шығады. Тіл желісінің аудармашысы сізбен алдау
оқиғасы жөнінде хабарласу үшін HP жедел байланыс желісінің өкілі арасында аударма жасайтын
қызмет болып табылады.
Жадықтарды қайта пайдалану
Жаңа HP баспа картриджін орнату үшін жаңа жабдық жеткізілетін қорап ішіндегі нұсқауларды
орындаңыз немесе алғашқы іске қосу жөніндегі нұсқаулықты қараңыз.
Жадықтарды қайта пайдалану үшін, пайдаланылған жабдықты жаңа жабдық жеткізілетін қорап
ішіне салыңыз. Пайдаланған жабдықты НР компаниясына қайта пайдалану мақсатымен жіберу
үшін қоса жіберілетін қайтару жапсырмасын пайдаланыңыз. Толығырақ ақпаратты əрбір жаңа
HP жабдығымен бірге жеткізілетін
қайта пайдалану жөніндегі нұсқаулықтан қараңыз. НР
компаниясының қайта пайдалану бағдарламасы жөніндегі көбірек ақпарат алу үшін
HP LaserJet
баспаға арналған қамсыздандыру құралдары 284-бетте қараңыз.
200 Бап 11 Өнімді басқару жəне күту KKWW