HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Енгізілген веб-сервер
Бұл өнім өзі жəне желідегі қызметтер жөніндегі ақпаратпен қамтамасыз ететін енгізілген веб-
сервермен жабдықталған. Веб-сервер веб-бағдарламалар көп жағдайда бағдарламаларға
компьютерге іске қосылу ортасын қамтамасыз ететін Windows сияқты операциялық жүйемен бір
əдісті қолдана отырып, іске қосыла алатын ортаны қамтамасыз етеді. Бұл бағдарламалардан
шыққан деректер Microsoft Internet Explorer, Safari немесе Netscape Navigator сияқты веб
браузерінің көмегімен көрсетіле алады.
«Енгізілген»
веб-сервер аспаптық құралда (HP LaserJet құрылғысы сияқты) немесе енгізілген
бағдарламалық құралға орналастырылады, жүктелген бағдарламалық құралдан артықшылығы
бар.
ЕВС артықшылығы болып желіге қосылған құрылғысы мен компьютері бар əркім пайдалана
алатын өнім интерфейсі болып табылады. Ол орнатуды немесе конфигурациялауды қажет ететін
арнайы бағдарламалық құрал болып табылмайды, дегенмен, компьютеріңізде қолдауы бар веб-
браузері болуы тиіс. ЕВС мүмкіндігіне
қол жеткізу үшін браузердің адрес жолағына өнімнің IP
адресін теріңіз. (IP адресін тауып алу үшін конфигурациялау бетін басып шығарыңыз.
Конфигурациялау бетін басып шығару жөнінде көбірек білу үшін, қараңыз
Ақпараттық
беттер 184-бетте.)
ЕСКЕРІМ: Macintosh операциялық жүйесінде сіз ЕВС мүмкіндігін құрылғымен бірге
жеткізілетін Macintosh бағдарламалық құралын орнатқаннан кейін USB қосылысының көмегімен
пайдалана аласыз.
Ерекшеліктер
ЕВС мүмкіндіктері сізге өнім жəне желі мəртебесін көріп, басу қызметтерін компьютерден басқару
мүмкіндігін береді. ЕВС мүмкіндігінің көмегімен сіз келесідей тапсырмаларды орындай аласыз:
●
Өнім мəртебесі жөніндегі ақпаратты көру.
●
Барлық жабдықтардың қызмет мерзімін анықтап, жаңаларына тапсырыс беру
●
Өнім конфигурациясының бір бөлігін көру жəне өзгерту
●
Кейбір ішкі беттерді көру жəне басып шығару
●
ЕВС
беттері шығарылатын тілді таңдау
●
Желі конфигурациясын көру жəне өзгерту
●
Өнімнің қауіпсіздік кілтсөзін орнату, өзгерту немесе өшіру (қараңыз
Кілтсөзбен қорғау
функциясын қосыңыз 136-бетте).
ЕСКЕРІМ: ЕВС қызметінде желі параметрлерін өзгерту өнімнің кейбір бағдарламалық
құралдарын немесе мүмкіндіктерін өшіруі мүмкін.
194 Бап 11 Өнімді басқару жəне күту KKWW