HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Өнімнің сұранымдық параметрлері
Желі трафигін азайту үшін сіз HP ToolboxFX өнім сұранымдылығын өшіре аласыз, бірақ соның
салдарынан HP ToolboxFX кейбір төмендегідей мүмкіншіліктері де өшіріледі: жайылмалы
ескертулер, факс журналын жаңарту, осы компьютердің факстерді қабылдау мүмкіндігі жəне Scan
To (Сканерлеу) батырмасын пайдалана отырып сканерлеу.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Баспа параметрлері
HP ToolboxFX Print Settings (Баспа параметрлері) жиекбелгісінде келесі негізгі беттердің
сілтемелері бар:
Printing (Басып шығару). Өнімнің нұсқалар саны мен қағаздың бағытталуы сияқты
стандартты параметрлерін өзгерту.
PCL5e. PCL5 параметрлерін көру жəне өзгерту.
PostScript. PS параметрлерін көру жəне өзгерту.
Басып шығару
Барлық баспа функцияларының параметрлерін конфигурациялау үшін HP ToolboxFX баспа
параметрлерін пайдалану. Бұл өнімнің басқару панелінен қол жеткізуге болатын ұқсас опциялар
болып табылады. Көбірек білу үшін, қараңыз
Басқару панелі 11-бетте.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
PCL 5e
PCL5 баспа ерекшелігін пайдаланғаныңызда параматрлерді конфигурациялау үшін PCL 5
опцияларын пайдаланыңыз. Бұлар басқару панелінің PCL5 мəзірінен қолданылатын сол
опциялар болып табылады.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуға тиіссіз.
PostScript.
PostScript опциясын HP postscript 3 деңгейлі эмуляция баспасы қасиеттерін пайдалану
барысында қолданыңыз. Print PostScript error (Баспа PostScript қателігі) опциясы қосылған
жағдайда HP postscript 3 деңгейлі эмуляция қателігі орын алғанда PostScript қателігінің беті
автоматты түрде басылып шығады.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуға тиіссіз.
Желі параметрлері
Желі администраторы өнімнің IP-негізделген желіге қосылу жағдайында HP ToolboxFX Network
Settings (Желі параметрлері) жиекбелгісін оның желіге қатысты параметрлерін басқару үшін
пайдалана алады.
KKWW HP ToolboxFX 193