HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Баспа құралын басқаруға арналған төрт опция болып ажыратымдылық, REt (Resolution
Enhancement technology (Ажыратымдылықты Жақсарту технологиясы), баспа тығыздығы жəне
EconoMode (Үнемдеу режимі) табылады.
●
Resolution (Ажыратымдылық). Орташа баспа тапсырмалары үшін 600 ажыратымдылығын
жəне жоғары сапалы баспа тапсырмалары үшін 1200 жылдам ажыратымдылығын таңдаңыз.
Ең жоғары сапалы баспа тапсырмасы үшін 1200 арақатынасты ажыратымдылығын
таңдаңыз.
●
REt (Ажыратымдылықты Жақсарту технологиясы). Сіз HP компаниясымен жақсартылған
баспа сапасы
үшін əзірленген REt (Ажыратымдылықты Жақсарту технологиясы) опциясын
қоса аласыз.
●
Print density (Баспа тығыздығы). Ұлғайтылған баспа тығыздығы үшін көбірек мəнді санды
таңдаңыз. Төмендетілген баспа тығыздығы үшін азырақ мəнді санды таңдаңыз.
●
EconoMode (Үнемдеу режимі). Үнемдеу режимін баспа жобаларын басып шығарғанда
қосыңыз. EconoMode (Үнемдеу режимі) құрылғыға əр бетке азырақ тонерді пайдалану
мүмкіндігін беретін функция болып табылады. Бұл
опцияны пайдалану тонер жабдығының
қызмет мерзімін арттырып, əр беттің өзіндік құнын төмендете алады. Дегенмен, ол баспа
сапасын да төмендетеді. Басып шығарылған бейнелер ашықтау, бірақ баспа жобалары мен
үлгілер үшін жарамды. HP Үнемдеу режимін үздіксіз қолдануды ұсынбайды. Үнемдеу режимі
үздіксіз қолданылу жағдайында тонер мөлшері баспа картриджінің механикалық бөліктерінің
қызмет ету мерзімінен асып кетуі мүмкін. Баспа
сапасы осы себептерге байланысты
төмендей бастау жағдайында сізге баспа картриджінде тонердің қалуына қарамастан жаңа
баспа картриджін орнату қажет болады.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Қағаз түрлері
Түрлі баспа құралдарының түрлеріне сəйкес келетін баспа режимдерін конфигурациялау үшін
HP ToolboxFX Paper types (Қағаз түрлері) опциясын пайдаланыңыз. Барлық режимдерді
зауыттық мəндерге қайтару үшін Restore Modes (Режимдерді қайтару) опциясын таңдаңыз.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Жүйе орнатпасы
Көшіру, факс жіберу, сканерлеу жəне басып шығарудың кептелу орнын басу жəне автоматты
жалғастыру сияқты жалпы параметрлерін конфигурациялау үшін HP ToolboxFX жүйелік
параметрлері опциясын пайдаланыңыз.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Қызмет көрсету
Басып шығару барысында өнім ішінде қағаз, тонер жəне шаң түйіршіктері жиналып қалуы мүмкін.
Уақыт өтісімен ол жиналып қалулар тонердің дақ түсіруі немесе жағылуы сияқты баспа
ақаулықтарының себебіне айналуы мүмкін. HP ToolboxFX қағаз өту жолын тазартудың жеңіл
əдісін қамтамасыз етеді. Көбірек білу үшін, қараңыз
Қағаз жолын тазалаңыз
HP ToolboxFX 204-бетте.
192 Бап 11 Өнімді басқару жəне күту KKWW