HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

System Setup (Жүйе орнатпасы). Өнімнің тілі мен кептелу орнын басу сияқты параметрлерін
өзгерту.
Service (Қызмет көрсету). Өнім күтімі барысында қажет етілетін түрлі процедураларға қол
жеткізу.
Device Polling (Құрылғының сұранымдық параметрлері). Өнімнің HP ToolboxFX құрылғыдан
деректерді жинақтау жиілігін анықтайтын сұранымдық параметрлерін өзгерту.
Save/Restore Settings (Параметрлерді Сақтау/Қайтару). Өнімнің ағымды параметрлерін
компьютердегі файлға сақтау. Осы файлды ұқсас параметрлерді
өзге құрылғыға жүктеу үшін
немесе бұл параметрлерді өнімнің өзіне кешірек қайтару үшін пайдаланыңыз.
Password (Кілтсөз). Өнімнің қауіпсіздік кілтсөзін орнату, өзгерту немесе өшіру (қараңыз
Кілтсөзбен қорғау функциясын қосыңыз 136-бетте).
Құрылғы туралы ақпарат
HP ToolboxFX құрылғы туралы ақпарат бетінде болашақта біліп жүру үшін өнім туралы ақпарат
сақталған. Бұл жолаққа теріп енгізген ақпаратыңыз Конфигурация бетінде көрсетіледі. Сіз бұл
жолақтардың əр қайсысында кез-келгенін таңбаларды тере аласыз.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуға тиіссіз.
Қағаз салу
Стандартты параметрлерді конфигурациялау үшін HP ToolboxFX қағаз салу опциясын
пайдаланыңыз. Бұл өнімнің басқару панелінен қол жеткізуге болатын ұқсас опциялар болып
табылады. Көбірек білу үшін, қараңыз
Басқару панелі 11-бетте.
Құрылғыда баспа құралдары болмаған жағдайда баспа тапсырмасын орындаудың үш опциясын
пайдалнуға болады:
Wait for paper to be loaded (Қағаз салынғанша күтіңіз) опциясын таңдаңыз.
Баспа тапсырмасын тоқтату үшін Paper out action (Қағаз болмағандағы əрекет) жайылмалы
мəзірінде Cancel (Бас тарту) батырмасын таңдаңыз.
Баспа тапсырмасын өзге қағаз науасына жіберу үшін тоқтату үшін Paper out time (Қағаз
болмау уақыты) жайылмалы мəзірінде Override (Орнын
басу) батырмасын таңдаңыз.
Paper out time (Қағаз болмау уақыты) жолағында өнім əрекет таңдалғанша қанша күтетіндігі
анықталады. Сіз 0-3 600 секунд аралығындағы уақыт мерзімін белгілей аласыз.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Баспа сапасы
Баспа тапсырмаларының орындалуын жақсарту үшін HP ToolboxFX баспа сапасы опциясын
пайдаланыңыз. Бұл өнімнің басқару панелінен қол жеткізуге болатын ұқсас опциялар болып
табылады. Көбірек білу үшін, қараңыз
Басқару панелі 11-бетте.
KKWW HP ToolboxFX 191