HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Fax Receive Log (Факс қабылдау журналы). Құрылғымен қабылданған барлық факстерді
көру.
Block Faxes (Факстарды блоктау). Блокталған факс нөмірлерін қосу, жою немесе көру.
Fax Data Properties (Факс деректерінің қасиеттері). Компьютеріңізде факстарды сақтауға
бөлінген бос орынды басқару. Бұл баптаулар факстарды компьютеріңізден алыстан жіберу
немесе қабылдауды таңдаған жағдайда ғана қолданылады.
Факс тапсырмалары
Факс қабылдау барысында келесі үш опцияның бірін пайдалануға болады:
Факсты басып шығару. Оған қоса сіз факс басылып шығарылғанда өзіңізге ескерту ретінде
хабар шығарылатын опцияны таңдай аласыз.
Факсты компьютеріңізге қабылдау. Оған қоса сіз факс келіп түскенде өзіңізге ескерту ретінде
хабар шығарылатын опцияны таңдай аласыз. Факс аппараты бірнеше компьютерге
жалғанған жағдайда тек бір
компьютер факстарды қабылдауға тағайындала алады.
Факсты өзге факс аппаратына жіберу.
Факс тапсырмалары туралы көбірек білу үшін,
Факс 125-бетте қараңыз.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуға тиіссіз.
Факс телефон кітапшасы
Өзіңіздің жылдам теру тізіміңізге жеке адамдарды немесе топтарды енгізу немесе өшіру, түрлі
көздерден телефон кітапшаларын импорттау жəне істес адамдар тізімін жаңарту мен күту үшін
HP ToolboxFX факс телефон кітапшасын пайдаланыңыз.
Өзіңіздің жылдам теру тізіміңізге жеке адамдарды қосу үшін, өзіңіз белгілегіңіз келетін
жылдам теру нөмірін таңдаңыз. Істес адам есімін Contact name (Істес есімі) терезесінде
теріңіз. Факс
нөмірін Fax number (Факс нөмірі) терезесінде теріңіз. Add (Қосу) батырмасын
басыңыз.
Өзіңіздің жылдам теру тізіміңізге топты қосу үшін, өзіңіз белгілегіңіз келетін жылдам теру
нөмірін таңдаңыз. Add Group (Топты қосу) батырмасын басыңыз. Тізімнің сол жағындағы
істес адамды оң жақтағы топ тізіміне ауыстыру үшін оны екі рет шертіңіз немесе сол жақтағы
есімді таңдап, оң жақтағы топ
тізіміне ауыстыру үшін сəйкес жолды шертіңіз. Оған қоса, сіз
есімдерді оңнан солға ауыстырудың екі əдісін таңдай аласыз. Сіз топ құрғаныңызда, есімді
Group name (Топ атауы) терезесінде теріп, OK басыңыз.
Бар жеке тұлғаның жылдам теру жазбасын түзету мақсатымен есімді таңдау үшін сол есім
жазылған жолдың кез келген жерін басып, одан кейін Update (Жаңарту)
батырмасын
басыңыз. Сəйкес терезелерге өзгертулерді енгізіп, одан кейін OK басыңыз.
Бар топтың жылдам теру жазбасын түзету мақсатымен атауды таңдау үшін сол атау
жазылған жолдың кез келген жерін басып, одан кейін Update Group (Топты Жаңарту)
батырмасын басыңыз. Қажетті өзгертулерді енгізіп, одан кейін OK басыңыз.
Жылдам теру тізіміндегі кез келген жазбаны өшіру үшін, тармақты
таңдап, одан кейін
Delete (Жою) батырмасын басыңыз.
Жылдам теру тізіміндегі жазбаның орнын ауыстыру үшін, жазбаны таңдап, Move (Орын
ауыстыру) тармағын таңдаңыз, немесе, Move (Орын ауыстыру) тармағын таңдап, диалог
188 Бап 11 Өнімді басқару жəне күту KKWW