HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Оқиғалар журналы
Оқиғалар журналы өнімнің кездескен оқиғалары өзіңіздің біліп жүруіңіз үшін тізімделген төрт
бағанды кесте болып табылады. Журналда өнімнің басқару панелінің дисплейіне шығарылатын
қателіктер хабарларына сəйкес кодтар келтірілген. Беттер есептегіші бағанындағы сан өнім
қателік орын алған мезетте жалпы басып шығарған беттер санын білдіреді. Оған қоса, оқиғалар
журналында қателіктің қысқаша сипаттамасы беріледі. Қателіктер жөніндегі хабарламалар
туралы
көбірек білу үшін, Басқару панелінің хабарлары 213-беттеқараңыз.
Сигналдық хабарлары
HP ToolboxFX Alerts (Сигналдық хабарлар) жиекбелгісінде келесі негізгі беттердің сілтемелері
бар:
Set up Status Alerts (Мəртебе сигналдық хабарларын баптау). Өнімді өзіңізге тонердің төмен
деңгейі сияқты кейбір жағдайларда жайылмалы ескертулерді шығаруға баптаңыз.
Set up E-mail Alerts (Электрондық пошта сигналдық хабарларын баптау). Өнімді өзіңізге
тонердің төмен деңгейі сияқты кейбір жағдайларда жайылмалы ескертулерді шығаруға
баптаңыз.
Мəртебе сигналдық хабарларын баптау
Өнімді өзіңізге кейбір жағдайларда жайылмалы ескертулерді шығаруға баптау үшін HP ToolboxFX
пайдалыныңыз. Символдық хабар жіберетін оқиғалар қатарына кептелулер, HP баспа
картриджіндегі тонердің төмен деңгейі, HP емес баспа картриджін пайдалану, кіріс науасының
босап қалуы жəне ерекше қателіктер жөніндегі хабарлар жатады.
Символдық хабар үшін жайылмалы хабар форматын, науа белгішесінің форматын немесе екеуін
де таңдаңыз. Жайылмалы хабар тек өнім
символдық хабарлар бапталған компьютерден басып
шығару барысында ғана шығарылады.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Электрондық пошта сигналдық хабарларын баптау
Өнімді өзіңізге кейбір жағдайларда электрондық пошта ескертулерін жіберетін екіге дейін
электрондық пошта адресін белгілеу үшін HP ToolboxFX пайдаланыңыз. Сіз əрбір электрондық
пошта адресі үшін картридж деңгейінің азаюы немесе қағаздың кептелуі сияқты бөлік оқиғаны
белгілей аласыз. Өзіңізге электрондық пошта арқылы өнім жөніндегі символдық хабарын
жіберетін электрондық пошта сервері үшін қажетті ақпаратты енгізіңіз.
ЕСКЕРІМ: Өзгертулеріңіз күшіне енуі үшін сіз Apply (Қолдану) батырмасын басуыңыз тиіс.
Факс
Компьютеріңізден факспен жұмыс істеуді орындау үшін HP ToolboxFX Fax (Факс) жиекбелгісін
пайдаланыңыз. Fax (Факс) жиекбелгісінде келесі негізгі беттердің сілтемелері бар:
Fax Tasks (Факс тапсырмалары). Факсты жіберу немесе факс жадын тазалау немесе факс
қабылдау режимін баптау сияқты тапсырмаларды орындайды.
Fax Phone Book (Факс телефон кітапшасы). Өнімнің телефон кітапшасындағы жазбаларды
қосу, түзету немесе жою.
Fax Send Log (Факс жіберу журналы
). Құрылғыдан жіберілген барлық факстарды көру.
KKWW HP ToolboxFX 187