HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

Проблема Себебі Шешу
Өнім кіруші факс шақыруларына
жауап бермейді.
Жауап беру режимі Manual (Қолмен
орындалатын) етіп қойылған болуы
мүмкін.
Егер жауап беру режимі Manual
(Қолмен орындалатын) етіп
қойылған болса, өнім шақыруларға
жауап бермейді. Факс қабылдау
процесін қол көмегімен бастаңыз.
Жауап беру үшін қоңырау саны дұрыс
емес қойылған болуы мүмкін.
Жауап беру үшін қоңырау санының
дұрыс қойылғанын тексеріңіз.
Жауап беру-қоңырау үлгісі функциясы
қосылған болуы мүмкін, бірақ бұл
қызмет сізде жоқ немесе бұл қызмет
сізде бар, бірақ бұл функция дұрыс
орнатылмаған.
Жауап беру-қоңырау үлгісі
функциясының дұрыс орнатылғанын
тексеріңіз.
Факс сымы дұрыс орнатылмаған
болуы мүмкін немесе факс сымы
жарамсыз.
Орнатуды тексеру үшін алғашқы іске
қосуға арналған нұсқаулықты
қараңыз. Өніммен бірге келген факс
сымын пайдаланып отырғаныңызды
тексеріңіз.
Өнім кіруші факс сигналдарын таба
алмауы мүмкін, себебі жауап беру
машинасы дауыстық хабарды беріп
тұр.
Хабардың басында ең аз дегенде екі
секундтық іркіліс тастап, жауап беру
машинасының хабарын қайта
жазыңыз.
Телефон желісіне қосылған
құрылғылар саны тым көп болуы
мүмкін.
Желіге қосылған құрылғылар саны
үштен артық болмауы тиіс. Соңғы
қосылған құрылғыны алып тастап,
өнімнің жұмыс істеуін тексеріңіз. Егер
өнім жұмыс істемесе, құрылғыларды
ажыратуды біртіндеп жалғастырыңыз
жəне əрбір құрылғы ажыратылғаннан
соң өнімді тексеріп көріңіз.
Телефон желісі жұмыс істемей тұрған
болуы мүмкін.
Мыналардың бірін орындаңыз:
Өнімнің дыбыс деңгейін көтеріңіз,
сонан соң басқару панеліндегі
Start Fax (Факсты бастау)
батырмасын басыңыз. Егер
байланысқа дайын болу сигналы
болса, бұл телефон желісінің
істеп тұрғанын білдіреді.
Өнімді телефон ұясынан
ажыратыңыз, сонан соң
телефонды қосыңыз. Телефон
желісінің жұмыс істеп тұрғанын
тексеру үшін телефонмен
қоңырау шалып көріңіз.
KKWW Факс мəселелерін шешіңіз 179