HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide
Проблема Себебі Шешу
Өнім факстерді қабылдайды, бірақ
оларды жібермейді.
Егер өнім цифрлық жүйеде болса,
жүйе өнім таба алмайтын байланысқа
дайын болу сигналын беріп тұруы
мүмкін.
Байланысқа дайын болу сигналын
табу функциясын ажыратыңыз.
Егер қате жойылмаса, жүйенің қызмет
көрсетушісіне хабарласыңыз.
Телефон байланысының сапасы
төмен болуы мүмкін.
Кейінірек қайталап көріңіз.
Қабылдаушы факс машинасында ақау
болуы мүмкін.
Басқа факс машинасына жіберіп
көріңіз.
Телефон желісі жұмыс істемей тұрған
болуы мүмкін.
Мыналардың бірін орындаңыз:
●
Өнімнің дыбыс деңгейін көтеріңіз,
сонан соң басқару панеліндегі
Start Fax (Факсты бастау)
батырмасын басыңыз. Егер
байланысқа дайын болу сигналы
болса, бұл телефон желісінің
істеп тұрғанын білдіреді.
●
Өнімді телефон ұясынан
ажыратыңыз жəне телефонды
қосыңыз. Телефон желісінің
жұмыс істеп тұрғанын тексеру
үшін телефонмен қоңырау
шалып көріңіз.
Шығушы факс шақыруларының
терілуі жалғасады.
Нөмірді қайта теру опциясы On
(Қосу) болса, өнім автоматты түрде
факс нөмірін қайта тереді.
Өнімнің факс нөмірін қайта теруін
тоқтату үшін Cancel (Тоқтату)
батырмасын басыңыз. Немесе нөмірді
қайта теру параметрін өзгертіңіз.
Жіберілген факстер қабылдаушы
факс машинасына бармайды.
Қабылдаушы факс машинасы
ажыратылған болуы мүмкін немесе
қағаз жоқ сияқты қате жағдайда болуы
мүмкін.
Факс машинасының қосылып
тұрғанын жəне факс қабылдауға
дайындығын тексеру үшін алушыға
қоңырау шалыңыз.
Түпнұсқалар дұрыс емес салынған
болуы мүмкін.
Түпнұсқа құжаттардың автоматты
түрде беру құрылғысының кіру
науасына немесе планшетті сканерге
дұрыс салынғанын тексеріңіз.
Факс жадта болуы мүмкін, себебі ол
бос емес нөмірді қайта теру үшін күтіп
тұрған немесе оның алдындағы
тапсырмалардың орындалуын күтіп
тұр немесе факс кейінге қалдырып
жіберу режиміне қойылған.
Егер осы себептердің бірімен факс
тапсырмасы жадта болса, тапсырма
жазбасы факстің тіркеу журналында
көрінеді. Факс жұмыстарын тіркеу
журналын басып шығарыңыз жəне
Status (Күй-жай) бағанасын Pending
(Күту) белгісі бар тапсырмалар үшін
тексеріңіз.
Жіберілген факстер əрбір беттің
соңындағы сұр түсті блокты қамтиды.
Шыны-факс өлшемі дұрыс емес
орнатылған болуы мүмкін.
Параметрлердің дұрыстығын
тексеріңіз.
KKWW Факс мəселелерін шешіңіз 177