HP LaserJet M2727 MFP Series - User Guide

4. Fax Speed (Факс жылдамдығы) опциясын таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын
пайдаланыңыз, сонан соң OK батырмасын басыңыз.
5. Жылдамдық параметрін таңдау үшін бағыт көрсеткіш батырмаларын пайдаланыңыз, сонан
соң OK батырмасын басыңыз.
Факс жіберудегі мəселелер
Проблема Себебі Шешу
Факс жіберу барысында құжаттың
берілуі тоқтайды.
Салуға болатын беттің ұзындығы 381
мм-ден артық болмауы тиіс. Бұдан
ұзынырақ бетті факспен жібергенде
ол 381 мм-де тоқтайды.
Құжатты қысқарақ баспа құралында
басып шығарыңыз.
Егер қағаздың кептелуі болмаса жəне
бір минуттан аз уақыт өтсе, Cancel
(Тоқтату) батырмасын басудан бұрын
кішкене күте тұрыңыз. Егер қағаз
кептеліп қалған болса, оны шығарып
алыңыз. Сонан соң тапсырманы қайта
жіберіңіз.
Егер құрал тым кішкентай болса, ол
құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысының (ADF) ішінде кептеліп
қалуы мүмкін.
Планшетті сканерді пайдаланыңыз.
Құжаттарды автоматты түрде беру
құрылғысы үшін ең кішкентай бет
өлшемі 127 x 127 мм.
Егер қағаз кептеліп қалған болса, оны
шығарып алыңыз. Сонан соң
тапсырманы қайта жіберіңіз.
Жіберу барысында факстер тоқтайды. Қабылдаушы факс машинасында ақау
болуы мүмкін.
Басқа факс машинасына жіберіп
көріңіз.
Телефон желісі жұмыс істемей тұрған
болуы мүмкін.
Мыналардың бірін орындаңыз:
Өнімнің дыбыс деңгейін көтеріңіз,
сонан соң басқару панеліндегі
Start Fax (Факсты бастау)
батырмасын басыңыз. Егер сіз
байланысқа дайын болу
сигналын естісеңіз, бұл телефон
желісінің істеп тұрғанын
білдіреді.
Өнімді қабырғадағы ұядан
ажыратыңыз, сонан соң
телефонды ұяға қосыңыз.
Телефон желісінің жұмыс істеп
тұрғанын тексеру үшін
телефонмен қоңырау шалып
көріңіз.
Байланыс қатесі факс тапсырмасына
кедергі жасауы мүмкін.
Байланыс қатесі болғанда нөмірді
қайта теру параметрін On (Қосу)
өзгертіңіз.
176 Бап 10 Факс KKWW